Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Нартай және филармония

Нартай және филармония

Өңіріміздегі киелі өнер ордасының бірі – Қызылорда облыстық филармониясы. Қазіргі таңда Талғат Бақытбекұлының басшылығымен өнер ұжымында жүйелі жұмыстар жасалып келеді. Біз барған сәтте ішкі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.
Жарты ғасырға жуық тарихы бар іргелі ғимаратта талай­ тарланбоздардың қолтаңбасы қал­ды. Бұл ұжымның құрылу тарихы Сырдың ұлы перзенті Нартай­ Бекежановтың есімімен тығыз байланысты. 1936 жылы Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігінен елге оралысымен Нартай  елдегі ақын жыршылар мен әнші-күйшілердің басын біріктіріп көркемөнерпаздар үйірмесін ашады. Кейіннен үлкен ансамбльге, одан соң филар­монияға айналды. Міне қазіргі филармонияның қалыптасу тарихы осындай.
Алғашқы жылдары сазгер Тәңірберген Қалауов басшы­лық жасап, сол тұста «Сыр күмбезі» фольклорлық ансамблі, «Ақтолқын» эстрадалық ансамблі жұмыс жасады. Фольклорлық ансамбльге жырау Ақмырза Тұяқбаев, әнші Фатима Төлегенова, эстрадалық ансамбльге Қиынбай Сақтағанов жетекшілік етеді. Ұзақ жылдар филармонияның бас администраторы болып Сәнжан Асылбекова қызмет атқарды. 1976-1980 жылдар филармония ұжымы үшін жемісті жыл болды. Дүйсенбі Дүйсенбаевтың басшылығымен «Сыр маржаны», «Сыр самалы» ансамбльдері құрылып, облыстың мәдени өміріне зор сепігін тигізді. 
Сол жылдары Мұхит Әбді­кәрімов, Тәжігүл Аманжолова, Күлән Қалымбетова, Сұлтан Нұрмаханов, Гүлжан Нұржанова, Шынберген Тілеулесов, Мәди Жасекенов сынды талантты­ өнерпаздардың басын қосқан ансамбль­­дің әндері халық жүрегіне жол тауып, әлі күнге шырқалып келеді. Қазіргі таңда мұнда 8 өнер ұжымы жұмыс жасап келеді. Атап айтар болсақ, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптары оркестрі, «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблі, «Томирис» би ансамблі, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, камералық оркестр, «Тұран» триосы, «Әдемі» балалар музыкалық театр студия­сы, «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі филармонияның беделін асырып Сыр жұртшылығына өз өнерлерін тарту етіп келеді. Осы жылдың қаңтар айында қобызшылар ансамблі құрылып, оған «Қорқыт сазы» атауы берілді. Ансамбльге С.Пұсырманова жетекшілік етеді. 
Филармония ұжымы мәдени іс-сапарлармен көптеген шет мемлекеттерде өнер көрсетіп жүр. Оның ішінде Түркия, Өзбекстан, Ресей, Татарстан, Босния-Герцеговина елд­ері мен АҚШ-тың Нью-Йорк, Вашингтон,­ Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Даби қалаларында еліміздің абыройын асқататып келеді. Өнер ұжымындағы әрбір өнерпаздың тынымсыз еңбегінің арқасында жүлделі орындарға ие болып жүр. 2011 жылы Анталия қаласында өткен халықаралық ІІ «Харман фольклор» фестивалінде «Томирис» би ансамблі лауреат атанып келді. «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі Ақтөбе қала­сының 150 жылдығы мен Ғ.Жұбанова атындағы облыстық  филармонияның 75 жылдығына орай өткен «JUBANOVTAR AYENI» халықаралық ұлт аспаптар оркестрлері мен ансамбльдер­дің байқауында бас жүлде иеленді. Биылғы жылы «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі Украинада өткен «Яркие таланты осени» фестивалінде бас жүлдемен оралды.
Мәдениет майталмандары да марапат биігінен көрініп ке­ле­­ді.­ «Камералық оркестр­дің» көркемдік жетекшісі А.Жаң­бырбаева «Мәдениет сала­сы­ның үздігі» төсбелгісімен және «Тұр­мағамбет халық аспаптар оркестрінің» көркемдік жетекшісі С.Абылаев Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. «Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрінің» әртісі Н.Мирмановқа «Еңбек даңқы» төсбелгісі табысталды. Дәстүрлі орындаушы Ш.Тілеулесов ҚР Консти­туциясының 25 жылдығы мерекелік медальмен марапатталды.
С.Тасбергенова Н.Тілендиев­тың 95 жылдығына арналған «Әл­қисса» фестивалі аясында өткен республикалық онлайн-конкурстан ІІІ орын иеленді. Абай жылы аясында бітқатар концерттік бағдар­ламалар ұйымдастырылып өт­кі­зіл­ді. Филармонияның 48-ші маусым­­ашары «Абай» опе­ра­­сы­мен ашылды. Операда ақынның өмір сүрген заманы ХІХ ғасырдағы қазақ жастары сол заман­дағы әрқилы көзқарас көрі­ніс тапқан. Қойылымда об­лыстық филар­мония­ның және Н.Бекежанов атындағы қазақ ака­демиялық музыкалық драма театрының әртістері, Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің аралас хор ұжымынан құралған 100 ден аса өнерпаздар өнер көрсетті. Қойылым көрсетілімі карантин талаптарына орай «Qyzylorda» теле­арнасы мен Youtube әлеуметтік желісіндегі «Сыр шаңырағы» каналы арқылы көрерменге ұсынылды.
Би ұжымдарының шығармашы­лық байланысын нығайту мақ­сатында «Ұлы дала ырғақтары» атты облыстық онлайн би конкурсы ұйымдастырылды. «Абай жұлдызы» атты музыка және поэзия кеші өткізілді. «Томирис» би ансамбліне Сүйінбай атындағы Алматы­­ облыстық филармониясының «Ал­тынай» мемлекеттік халық би ансамблінің репетиторы Бекзат­ Ағиярдың шеберлік дәрісі ұйым­дастырылды. Мұның барлығы өнер ұжымының үлкен еңбегінің жемісі һәм жеңісі болатын.
17 қазан 2020 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (1682)

20 қазан 2020 ж.

№80 (1681)

17 қазан 2020 ж.

№79 (1680)

13 қазан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 383 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам