Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ҚАРҚЫНДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ҚАРҚЫНДЫ

   Бүгінде Сырдария ауданы әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қарқынды даму үстінде.
Ағымдағы жылдың 11 айында аудан экономикасына 44,2 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге артып отыр. Сәйкесінше, құрылыс жұмыстарының көлемі (3,0 есе) ұлғайып, 12,7 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға, ал 2013 жылмен салыстырғанда 47,8 пайызға артқан. Тәуелсіздіктің 26 жылдық мерекесі күні 10 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде апаттық жағдайдағы үйден 3 отбасы көшірілді, қалған 7 пәтер кезектілікке сәйкес тұрғындарға берілді. 2017 жылы республикалық бюджет есебінен Тереңөзек кентінің А.Иманов және Н.Ергешбаев көшелерінің қиылысына тұрғын үй кварталы құрылысының инфрақұрылымын бастауға 100 млн.теңге бөлініп, құрылысы жүргізілуде. Бұған қоса жоғарыда аталған тұрғын үй кварталына 3 қабатты 9 тұрғын үй салынады. 2018 жылы республикалық бюджеттен 388,9 млн.теңгеге 18 пәтерлі №3 тұрғын үй және 24 пәтерлі №4 тұрғын үйлер салынып, 42 пәтер пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, облыс әкімі ауданға жасаған жұмыс сапарында 18 пәтерлі №1 және 24 пәтерлі №2 тұрғын үйлерді, барлығы 42 пәтерлі үйлердің құрылыс жүргізуді қолдады. Осы тұрғын үйлерді республикалық бюджет есебінен қаржыландыруға нақты жұмыстар жасалатын болады. Аталған жұмысты жүйелі үйлестіру мақсатында қазіргі таңда тиісті салалық басқармалармен жұмыс жасалып, ұсыныстар берілді.
22 желтоқсан 2017 ж. 1 041 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

№87 (1586)

09 қараша 2019 ж.

№86 (1585)

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 893 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам