Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ҚЫРҒЫЗСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ СӨЗІНЕ ОРАЙ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ҚЫРҒЫЗСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ СӨЗІНЕ ОРАЙ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ


Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың айтқан сөздеріне байланысты арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәлімдемеде сайлауалды мақсатында жасалған Қырғызстан Президентінің жалған әрі арандатушылық сөздері бауырлас елдердің арасындағы сан ғасырлық достық пен өзара көмекке залалын тигізбеуі тиіс. Мәлімдемеде келтірілген мәліметтерге сәйкес, тәуелсіздік жылдарының ішінде Қазақстан экономикасы 20 есе өсті. Осы жылдардың ішінде еліміздің экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестицияның жалпы көлемі 265 млрд АҚШ долларын құрады.
«Еліміздің Тәуелсіздік жылдары ішінде 1,1 миллионнан астам қазақстандық отбасы пәтермен қатмамасыз етіліп, 61 мыңнан астам отбасы өзінің баспана жағдайын жақсартты. Жыл сайын орташа есеппен 270 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы 72,3 жасқа дейін ұзарды», - делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар онда соңғы 15 жылда Қазақстандағы орташа жалақы мен зейнетақы 10 еседен астамға өскені аталып өтілген. Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының ресми мәліметінше, Қазақстандағы ең төменгі және орташа зейнетақы мөлшері Қырғызстаннан сәйкесінше 5 және 3 есе ғана жоғары.
Экономикадағы тұрақты даму, елдің ЖІӨ-сінің тұрақты дамуы Қазақстанға серіктес елдерде көмектің барлық түрін көрсетуге мүмкіндік береді. Қазақстан Қырғыз Республикасымен 1997 жылдың 8 сәуіріндегі Мәңгілік достық туралы шарт пен 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Одақтастық қарым-қатынас туралы шарт рухында бауырластық және достық байланыстарды нығайту саясатын мүлтіксіз жалғастырады.
«Қазақстан осы жылдардың ішінде барлық уақытта, әсіресе қиын сәттерде қырғыз халқымен бірге болды, Қырғызстан басшылығының өтініштеріне түсіністікпен қарап, қажетті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге барынша жәрдем берді және энергия тасымалдау азық-түлік және өзге де әлеуметтік маңызды тауарларды қоса алғанда айтарлықтай гуманитарлық көмек көрсетті», - делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі аясында Қазақстан Президенті 100 млн доллар көлемінде техикалық көмек көрсету туралы шешім қабылдағандығы аталып өтілген. Мұнан басқа, қазірдің өзінде гуманитарлық көмек бағытында 20 млн доллар бөлініп, Бішкек пен Ошта 2 жалпы білім беру мектебі салынған. Қырғызстан экономикасына салынған қазақстандық инвестиция көлемі 820 млн долларды құрайды. Соның арқасында мыңдаған қырғызстандық жұмыс орнымен қатамасыз етіліп отыр.
Мәлімдеменің соңында: «Қырғызстан Президенті А.Атамбаевтың бірнеше алаяқтық әрекетіне қарамастан Қазақстан Республикасының Үкіметі қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен ынтымақтастығын белсенді тереңдетуге және кеңейтуге ниетті», - делінген.
Мәлімдеменің толық мәтіні ҚР Премьер-Министрінің сайтында жария етілген.
09 қазан 2017 ж. 616 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (1488)

13 қараша 2018 ж.

№85 (1487)

10 қараша 2018 ж.

№84 (1486)

06 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 984 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам