Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЖАҢА ПРОГРЕСС

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЖАҢА ПРОГРЕСС


Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Рухани жаңғыру" орталығы "Тәрбие және білім" бөлімінің меңгерушісі Әлима Әбдіхалықова айтты.
– Елбасы кезекті жолдауын төртінші өнеркәсіптік революция деуінің маңызы зор. Себебі, алғашқы өнеркәсіптік революция 1760-1840 жылдары басталды. Механикаландырылған өндіріс саласы бойынша теміржол құрылысы дамып, бумен жұмыс істейтін двигательдер пайда болды. 2-ші өнеркәсіптік революция - 19 ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасыр басында техника мен электр жүйесінің дамуымен басталды. Ол кезде жаппай өндіріс дәуірі болды. Келесі компьтерлік революция. 1990 жылдары ЭВМ машиналары, компьютерлер, интернет жүйесі қосылды. 4-ші өнеркәсіптік революция ол цифрлық жүйе. 10 жылға жетпей интернет бүкіл дүниежүзіне тарады. Бұл физикалық, цифрлік, биологиялық домендардың синтезі. Тіптен алғанда, цифрлық технология адамның генасындағы ақпаратты оқудан нанотехнологияларға дейін іс-әрекет жасай алатын дәрежеге жетті.
Прогрестің негізгі көрсеткіші - азаматтық қоғамның, әрбір адамның осы технологиялық жаңалықтарды түсіну, қабылдау, іске асыру болып табылады. Себебі, цифрлық технологияға көшкенде пайда болатын ерекшелік: саяси, экономикалық, әлеуметтік салалардағы өзгерістерді өзіне қарай концентрация жасайтын жаңа қоғам қалыптастырады. Сонымен бірге, жаңа технологиялық қалыпта адами капиталды да жаңғырту керек. Себебі, Елбасының өзі "Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық", - деді Ә.Әбдіхалықова.


10 қаңтар 2018 ж. 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 207 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам