Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВТЕРІ ҚҰРЫЛДЫ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВТЕРІ ҚҰРЫЛДЫ

  Бүгінгі таңда Арал ауданы бойынша 25 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды.
Соның ішінде, қазіргі кезде мемлекет тарапынан несие қаржысын алып, жұмыс жасап жатқан Октябрь ауылдық округінен құрылған «Шижаға-16» ауылшаруашылығы өндірістік копперативінің жұмысы ырғақты.
Нақтырақ айтқанда, кооператив мүшелікке 65 адам тартып, 50 аналық сиырдан сүт өндіру және жеке тұлғалардан сүт қабылдау жобасына «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының облыстық филиалы арқылы бастапқыда 6,5 млн. теңге несиеге қол жеткізген. Аталмыш қаржы көзіне сүт тасымалдайтын бір автокөлік және сағатына 8 литр сүт өңдейтін цепаратор, танкер салқындатқыш және мұздатқыш сатып алған кооператив бүгінде сүтті Октябрь және Сазды ауылдық окрутеріндегі жеке және шаруа қожалықтарынан жинауда.
Белгілі болғандай, осы кезге дейін олар 5800 литр сүт өндіріп, Арал қаласындағы "Қамқор тұтыну" ЖШС-не өткізген. Бұдан бөлек, «Шижаға-16» кооперативі құны 13,5 млн. теңге тұратын мал сою модулін сатып алу бағытында жұмыстар жүргізіп, келісімге келіп, аудандық жер қатынастары бөлімінен аукцион арқылы үстіміздегі жылдың 4 тамызында 1000 кв/метр жер телімін игеруге қол жеткізді. Бұл нәтижелерге қарап аз ғана уақыттың ішінде ауылшаруашылығы кооперативтерін құру ісі өзінің тиімділігін көрсетіп үлгергендігін байқауға болады.
12 қазан 2017 ж. 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 158 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам