Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЛАҒА ҚАРАСТЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӘСІП АШУ ҮШІН ЗОР МҮМКІНДІКТЕР ЖАСАЛУДА

ҚАЛАҒА ҚАРАСТЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӘСІП АШУ ҮШІН ЗОР МҮМКІНДІКТЕР ЖАСАЛУДА

  Елді мекендерде кәсіпкерлікті дамыту, мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың шарттарын, оның тиімділігі мен мүмкіндіктерін жан-жақты түсіндіру мақсатында қалаға қарасты 2 кент және 7 ауылдық округте барлық қаржы ұйымдарының қатысуымен көшпелі отырыстар өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты - кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекет тарапынан қабылданған шаралар арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздық деңгейін азайту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік беру.
Көшпелі жиындарға қала әкімінің орынбасары, қала әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары, облыстық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Аграрлық несие корпорациясы», «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржылық ұйымы, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемелерінің өкілдері қатысып ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлеріне шағын және орта бизнесті елді мекендерде дамытудың мүмкіндіктері жайында толыққанды мәлімет ақпарат берді.  Өз ісін бастаймын деген азаматтардың несие алуына, оған қажетті құжаттардың барлығына жергілікті әкімдік тарапынан тікелей көмек және қолдау көрсетілетіндігі аталып өтті. Өткізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде елді мекендерден өз кәсібін ашуға ниет білдірген 197 азамат анықталып, бизнес тетіктерін оқуға 159 азамат тіркелді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
01 ақпан 2018 ж. 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 778 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам