Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗБЕКСТАН ЖЫЛЫ 15 НАУРЫЗДА БАСТАУ АЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗБЕКСТАН ЖЫЛЫ 15 НАУРЫЗДА БАСТАУ АЛАДЫ

  5 наурыз күні Қазақстандағы Өзбекстан жылы ресми түрде басталады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі. Қазақстан Елшілігінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев Өзбекстанның «Узбеккино» Ұлттық агенттігінің бас директоры Фурқат Закировпен кездесті. Шарада елші Қазақстандағы Өзбекстан жылының ресми ашылуын Астанада 2018 жылдың 15 наурызына жоспарланған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының  саммиті кезінде өткізу көзделіп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның Астана, Алматы секілді ірі қалаларында Өзбекстан киносы күндерін ұйымдастыруды ұсынды. Ерік Өтембаев деректі, көркем-публицистикалық және көркем фильмдер бағыттарындағы жобаларды іске асыру бойынша бірлескен жол картасын жасауды ұсынып, Абай, Бекет ата, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Төле би, Шайхантауыр, Әлішер Науаи, Айбек, әл-Хорезми, Ұлықбек, ибн Сина, Жалаңтөс Баһадүр сынды ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы туралы бірлескен деректі фильмдер циклін шығарудың маңызды екендігін тілге тиек етті. «Өткен тарихымызды, екі елдің қазіргі қарым-қатынастарын әрі ең бастысы, болашағымызды көрсететін арнайы бағыттарды іске асыруымызға болады», - деді Е. Өтембаев. Елші «Қазақфильм» компаниясы түсірген фильмдермен танысып, қазақстандық және өзбек фильмдерін екі ел аумағында прокатқа шығаруды ұсынды. Өз кезегінде, өзбек тарапы да кинематография саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге әзір екенін білдірді. «Узбеккино» басшысы Ф. Закиров фильм түсіру бойынша бірлескен жобаларға қатысуға дайын екенін айтты. Сондай-ақ Өзбекстан президенті кино саласында көрші елдермен ынтымақтастыққа басымдық беруді тапсырғанын жеткізді. Сонымен қатар бас директор Қазақстанда жақсы декорациялар мен каскадерлар топтары болғандықтан, Жалалиддин Мангуберді жайындағы фильмнің екінші бөлімін елімізде түсіру жоспарланып отырғанын айтты.  

05 ақпан 2018 ж. 744 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 459 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам