Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ

 Футболдан ел бірАстанада Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде 2018 жылғы Қазақстан премьер-лигасының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Бірінші және екінші турдың ойындары ауа-райы ыңғайлы облыстарда өтуі үшін 12 команда алдын-ала екі топқа бөлінді. 

Сондықтан да "Астана", "Жетісу", "Ертіс", "Қайрат", "Қайсар" және ордабасы клубтары маусымда өз алаңдарында бастайды. Оларға тиесінше 1, 4, 6, 8, 10 нөмірлер берілді. 

Ал қалған "Ақжайық", "Ақтөбе", "Атырау", "Қызыл Жар СК", "Тобыл" және "Шахтер" командалары алғашқы ойындарын түзде өткізеді. Бұл командалар 2, 3, 5, 7, 9, 11 нөммірлерімен белгіленді. 

Бірінші тур:

"Астана" (жеребе бойынша 12 нөмір) - "Ақжайык" (11)
"Жетісу" (1) - "Тобыл" (2)
"Ертіс" (8) - "Атырау" (7)
"Қайрат" (6) - "Қызыл-Жар СК"
"Қайсар" (10) - "Актөбе" (9)
"Ордабасы" (4) - "Шахтер" (3).

Еске салайық, футболдан ел біріншілігінің жаңа маусымы 4 наурызда басталады. Бұл күні ел чемпионы "Астана" мен Қазақстан кубогінің иегері "Қайрат" Суперкубок үшін таласады. 
 
09 ақпан 2018 ж. 594 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

№62 (1561)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 901 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам