Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ БОЙЫНША ЖҰМЫСШЫ ТОП ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ БОЙЫНША ЖҰМЫСШЫ ТОП ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 2017 жылғы 12 қазанда Қызылорда облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемовтің төрағалығымен қазақ әліпбиінің жаңа графикасын жасауға ұсыныс беру мақсатында құрылған жұмысшы топтың отырысы өтті.
Жұмысшы топ отырысының мақсаты - қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасына байланысты өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салу.
9 қазан күні Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, әзірленген Қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды.
Осыған орай, жұмысшы топ мүшелері бас қосып, латын қарпіне көшудің ел болашағы үшін маңызды қадам екендігін тілге тиек етті. Жиын барысында филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Сәдуақасұлы, Б. Кәрібозұлы және филология ғылымдарының кандидаты А. Абасиловтар латын қарпіне қатысты ұтымды ойларын айта отырып, жаңа әліпбиге көшу - кемел келешекке бастайтын дара жол екендігін алға тартты.
Отырыс соңында филолог-ғалымдар Елбасы саясатына қолдау білдіріп, латын әліпбиін қоғамға насихаттау жұмыстарына белсене атсалысатындықтарын жеткізді.
13 қазан 2017 ж. 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 158 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам