Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДҮНИЕНІ НҰРҒА БӨЛЕЙТІН ҚАЗЫНА

ДҮНИЕНІ НҰРҒА БӨЛЕЙТІН ҚАЗЫНА

  Білім саласына көрсетілген қолдау – болашаққа жасалған ең маңызды инвестиция. Оқу-ағарту ісінің дамуы, ұстаздарды қолдау, оқушыларға барынша жағдай жасау – басты міндет. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Сыр өңірінде басшылық қызмет атқарғаннан бері бұл сала бойынша қаншама игілікті істер атқарылды. Бүгінде аймағымыз республикада әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы жағынан алдыңғы орында тұр.
Өңірде оқу-ағарту жүйесінде атқарылған ілкімді істер де жетерлік. Мұның барлығы – осы бағытта жүргізілген іс-шаралардың оң нәтижесі.Соңғы 5 жылда аймақта оқу-ағарту саласында күрделенген бірқатар мәселелер толықтай шешімін тапты. Мәселен, 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу орындарымен қамту шешімін тауып, үш ауысымда оқу мәселесі түбегейлі жойылды. Қазір бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиелеуде 553 балабақша, 106 шағын орталық жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш 2013 жылы 508 бірлікті құраған еді.  Жалпы білім беретін 300-ге жуық орта мектепте қазір 150 мыңға тарта оқушы білім алады. Облыста апаттық жағдайдағы білім ошақтары жоқ. Себебі, іргесі сөгіліп, ғимараты ескірген 36 мектептің барлығы дерлік қайта салынып, өрендер игілігіне берілді. Ал, мұндай жағдайдағы соңғы білім ошағының құрылысы биыл толығымен аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, оқушыларды оқулық, оқу-әдістемелік кешендермен қамту жайы да оң шешімін тапты.
Саланы дамытуда жасалған игілікті істердің нәтижесін өңірдегі білім сапасының артуынан, ұстаздар мен оқушылардың жеткен жетістіктерінен байқауға болады. Жалпы, ғылым мен техника өркениетіне ілесуде жастардың лайықты білім алуы үшін барынша жағдай жасалған. Елбасы тапсырмасына сәйкес оқу-ағарту ісінде жүзеге асуы тиіс міндеттер де уақытылы орындалуда. Осы орайда оқыту сапасының жақсарғанын атап өткен жөн. Жаңартылған білім беру мазмұнын игеруде елімізде 30 пилоттық мектеп болса, оның 2-уі біздің өңірде орналасқан. Бүгінде Жалағаш ауданындағы №31 мектеп-гимназиясы мен қаладағы №2 Мұрагер мектебінің оқушылары жаңа бағдарлама негізінде білім алуда. Осы орайда бұл бағытта оқытылатын 1, 2, 5, 7 сынып жеткіншектері жаңа оқулықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, биыл 3, 6, 8, келер жылы 4, 9, 10 және 2020 жылы 11 сынып түлектері жаңартылған мазмұнда білім алатын болады. Бұл ретте тиісті оқу құралдарына қажетті қаражат есептеліп, осы жылдың бюджетіне ұсыным берілген. Оған қоса үстіміздегі жылы Жалағаш ауданындағы аталмыш руханият ордасында 12 жылдық білім алатын балалар үшін мектепалды даярлық тобына арналған «Әліппе», «Букварь» оқулықтары сынақтан өткізіледі. Келер жылдан бастап еліміздегі білім ошақтарында 11 сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды бастайды. Бұл ретте облыстағы 46 инновациялық мектепте дайындық шаралары жүргізілуде.
Келешекте техникалық мамандықтарға сұраныс артады. Оған қазірден бастап қадам жасалуы керек. Бүгінгі таңда білім саласындағы енгізіліп жатқан тың өзгерістер келекшекте жасалған келелі істер. Оқушылардың жаратылыстану пәндерін терең игеруі жарқын болашағының кепілі болмақ. Осыған орай өңірдегі білім ошақтарының 70,6 пайызы кең жолақты ғаламтор желісімен, интерактивті тақталармен қамтылды. Сондай-ақ, 55 физика, 100 химия, 112 биология кабинеттері қажетті құралдармен жабдықталды. Алғашқыда 25 жалпы және 5 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары электрондық оқыту жүйесіне көшкен еді. Оның қатарына 2013 жылы тағы 22-сі қосылды. Екі жыл бұрын аймақтағы 125 мектептерінде «Электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасы, тағы 166-на «BilimLand» білім беру платформасы енгізілді.  Өткен жылы аймақтағы барлық мектеп интерактивті білім беретін контентке қосылып, оқу-ағарту ісінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданыла бастады.
Аталмыш салада қол жеткен тағы бір үлкен жетістік – облыс әкімінің қолдауымен аймақ экономикасының сұранысына сай мамандықтар бойынша түлектердің Мәскеуде білім алуы. Қазір онда 400-ден аса студент оқиды. Оның ішінде Мәскеу Ұлттық технологиялық зерттеу университетінде 19 мамандық түрі бойынша 204, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық оқу орнында 22 мамандықпен 98, Санкт-Петербург мемлекеттік өндірістік технология және дизайн университетінде 88 студент дәріс алады. Биыл 76 жас туған топыраққа қадам басып, алған білімін ел игілігі жолына жұмсайды. Зерделі ұрпақтың қалыптасуы – ел болашағының жарқын көрінісі.  Бұл тұрғыда аймағымыз дарынды жастардан кенде емес. Оны өрендердің халықаралық, республикалық байқауларда мықтылығын көрсетіп, ел мерейін еселеген жетістіктерінен аңғаруға болады. Мәселен, 2013 жылдан осы кезге дейін 300-ге тарта өрен түрлі бәсекеде жүлделі орындарға ие болды. Осы орайда мұғалімдердің ерен еңбегін айта кеткен жөн. Әрбір балаға білгенін үйретіп, ұстаздық етуден жалықпаған жандардың біліктілігінің арқасында оқушылардың деңгейі артып келеді.                                                                       Ал, кәсіптік және техникалық білім беруді жетілдіруде өңірдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері ескеріліп, индустриялды-инновациялық жобалар қолға алынды. Оларды салаландыру жүргізілді. Соның нәтижесінде облыстағы колледждерде жаңадан 23 мамандықты игеруге мүмкіндік туды. Қажетті мамандықтарды игеру үшін оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жабдықтауға, ондағы өндірістік шеберханалардың, оқу ғимараттары мен жатақханалардың жөндеу шараларына жыл сайын қаражат бөлінді. Сондай-ақ, кәсіптік білім беруде бірлесіп басқару жүйесі енді. Оны алғаш рет Қызылорда индустриялды-техникалық колледжі мен «Қызмет көрсету саласының ассоцасиясы» бірігіп «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша корпоративті басқаруды пилоттық жоба ретінде жүзеге асырды. Осының аясында бітіруші жастардың мамандық бойынша жұмысқа орналасуы артты. Мәселен, 2013 мұндағы көрсеткіш 65,4 пайыз болса, бүгінде ол 81,0-ге жетті.
Өңірдің ағарту саласындағы оң өзгерістер, әлемдік стандартқа сай білім беру, оқу үдерісінің жаңа форматқа көшуі – мұның бәрі жас ұрпақтың игілігі үшін жасалып жатқан істер.  Кезінде өзіндік мәртебесін жоғалта жаздаған кәсіптік-техникалық колледждер қазір сұранысқа сай маман даярлайтын негізгі орынға айналып отыр. Өткен жылы Елбасы тапсырмасына сәйкес «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» бағдарламасымен жұмысшы мамандығына республикалық бюджеттен 1515 орын бөлінсе, жергілікті қаражат қазанынан 3088 орынға мемлекеттік тапсырыс бөлінді. Бұл өз кезегінде жастардың өңір экономикасына қажетті мамандықтарды игеріп, екі қолға бір күрек табуына септігін тигізбек. Сонымен қатар, бұл бағыттағы оқу орындарында арнаулы пәндер ағылшын тілінде оқытылады. Қазіргі таңда біздегі 3 колледж 7 арнаулы пәнді шет тілінде жүргізеді. Осындай өрелі істердің көптеп орындалуы мектептер мен жоғарғы, орта оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырды десек артық болмас. Жаңа өзгерістерге бет түзеген сайын лайықты оқытудың да жауапкершілігі еселенді. Осы орайда кәсіптік білім беру саласындағы 4 оқу орны жоғарғы колледж дәрежесіне иеленді. Тағы төрт колледж халықаралық институциональды аккредитациядан сәтті өтті. Мұның бәрі аталмыш сала бойынша соңғы бес жылда жүргізілген игі істердің бір көрінісі.
         Балалардың жазғы демалысты жақсы өткізуі, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы, айналасын жіті тануы жолында түрлі іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылп келеді. Соның ішінде жазғы тынығу лагерімен былтыр өрендердің 95 пайызы қамтылды. Балалар әр түрлі үйірмеге, спорттық секцияларға қатысып, өзінің танымдық деңгейін жетілдіруге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, өткен жылдың маңызды оқиғасы болған «Экспо-2017» халықаралық көрмесін әр ауданнан 12-16 жас аралығынлағы 3 мыңға тарта бала тамашалап, тарихи сәттің куәсі болды.                                                          Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, кемтар балалардың құқықтарын қорғауда әлеуметтік маңызды жобалар қолға алынып, нәтижесін бере бастады. Бұл ретте  олардың денсаулығын жақсарту, қоғамға бейімдеу мақсатында облыста 5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталықтары, ерекше қажеттіліктері бар өрендермен оңалту, түзету жұмыстарын жүргізуде 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері ашылды.
Айдана СЕЙІЛ.
13 ақпан 2018 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (1437)

15 мамыр 2018 ж.

№34 (1436)

11 мамыр 2018 ж.

№33 (1435)

06 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 804 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам