Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАҒАН 4 АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАҒАН 4 АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

  Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің полиция қызметкерлері дүкен иесінің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған 4 қылмыскерді құрықтады. Оқиға үстіміздегі жылдың 3 мамыр күні таңғы сағат 04.48 шамасында орын алған. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Беттеріне бетперде киген 4 азамат Қайнарбаев көшесінде орналасқан үйге баса көктеп кірген. Сол уақытта үйлерінде ұйықтап жатқан 39 жастағы үй иесін және 37 жастағы сіңлісін қарумен қорқытып, аяқ-қолдарын байлап-тастаған. Содан кейін жатын бөлмеде тұрған 130 мың теңге көлеміндегі ақшаны және сол үйде орналасқан дүкеннен темекі өнімдерін алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 230 мың теңгені құраған.
Құрылған арнайы жедел тергеу тобы дереу қылмысты ашуға кірісіп, барлық ақпараттар мен деректер тексеріліп, жан-жақты нұсқалар қарастырылды. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 22-28 жас аралығындағы күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі 1 және 3 тармағы (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған қарақшылық) бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
13 қазан 2017 ж. 380 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 622 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам