Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДА ЕТ ҚАНША ТҰРАДЫ?

ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДА ЕТ ҚАНША ТҰРАДЫ?

  Қазақстанда 2017 жылғы шілде-қыркүйек айларында үйде ет және ет өнімдерін тұтынудың жан басына шаққандағы мөлшері 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға азайып, 17,8 кг-ды құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА finprom.kz-ке сілтеме жасап. 
  Сайттың ақпаратына сенсек, қалалық жерлерде 18,7 кг, ауылдарда 16,6 кг ет тұтынылады. Ет және ет өнімдерінің ішінде ірі қараның етіне сұраныс жоғары, орташа 5,6 кг сиыр еті (2016 жылғыға қарағанда 3,1%-ға аз) және 1,9 кг қой еті (6,8%-ға аз) тұтынылған. 2018 жылғы қаңтарда 1 кг ірі қара еті Қазақстанда 15,1%-ға қымбаттап, 1462,1 теңге болды. Қойдың еті бағасының өсімі де соған шамалас, яғни былтырғыға қарағанда 14,7%-ға көтеріліп, 1383,3 теңгеге жетті.
 Ең қымбат сиыр еті Астанада. Елордада 1 кг еттің бағасы бір жылда 19%-ға өсіп, 1654 теңгеге жетті. Екінші орындағы Алматыда 1627 теңге (+14,6%), ал Атырауда 1530 теңге (+17%). Ет бағасының өсу қарқыны бойынша Оралға жететін қала болмай тұр. Батыс Қазақстан облысының орталығында 1 кг сиыр еті 25%-ға қымбаттап, 1400 теңге болды. Көкшетауда 23,6%-ға көтеріліп, 1403 теңгеге жетті, ал Жезқазғанда баға 23,1%-ға өсіп, 1474 теңгені құрады.
 Ең қымбат қой еті де - Астанада. Елордалықтар бір жылда 15,4% қымбаттаған қой етінің 1 килограмына 1720 теңге төлеп отыр. Одан кейінгі орындарда 1632 теңгемен (+20,4%) Алматы және 1463 теңге (+4,4%) көрсеткішімен Ақтау келеді. Қой еті бағасының күрт өсуі Жезқазғанда (28%, 1441 теңге), Шымкентте (26,8%, 1410 теңге) және Қызылордада (22,9%, 1352 теңге) байқалды.
16 ақпан 2018 ж. 703 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (1564)

23 тамыз 2019 ж.

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 950 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам