Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАЛЫДАҒЫ №216 МЕКТЕП МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДАҒЫ №216 МЕКТЕП МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

  Қазалыда Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектеп өзінің іргетасы қаланғанына 50 жыл толуын атап өтті.
Білім ордасының іргетасы Қазалы аудандық советі атқару комитетінің шешімімен 1966 жылы қаланған болатын.
Мерейтойға арналған салтанатты шараға аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қатысып, ұлтымыздың біртуар азаматы, ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімін иеленген қара шаңырақ жарты ғасырлық тарихында терең де тағылымды тарихи жолдан өтіп, биік белестерді бағындырғанын, бұл жолда мектептегі сапалы білімнің негізін қалаған білікті мұғалімдер, Қазақ ССР-на еңбегі сіңген ұстаздар Әбжәли Айбосынов, Гүлжахан Шалболова, Ұлдай Иппатуровалардың еңбегі айрықша екендігін айтты. «Мен де осы мектептің түлегімін. Сол себепті мектептің тарихы маған жақсы таныс. Әрдайым осы мектептің түлегіміз деп қанатымызды қомдап, қайда жүрсек те қуаныш сезімі кеудемізді кернеп айта жүреміз. Талайлардың бағын ашқан алтын ұямыз бен асыл ұстаздарымызды әрдайым мақтаныш етеміз. Сондықтан білім бәсекесінде тек аудандық деңгейде ғана емес, облыстық көлемде зор маңызға ие мектептің 50 жылдық мерейтойы – ортақ қуанышымыз» - деді аудан басшысы.
Шара барысында облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев бастаған қонақтар жас ұландарға галстук тақты. Білім ордасының 50 жылдығына орай шығарылған «Ұлағат ұясы» атты кітаптың тұсаукесері өтіп, мектептің бұрынғы түлектеріне табысталды.
16 қазан 2017 ж. 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 158 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам