Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАНАРМАЙ МӘСЕЛЕСІ РЕТТЕЛУДЕ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАНАРМАЙ МӘСЕЛЕСІ РЕТТЕЛУДЕ

  Облыстағы жанар-жағармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин күндізгі сағат 08.00-ден кешкі уақыт 20.00-ге дейін еркін бағамен сатылуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Азамат Досжанов мәлімдеді.
Аймақта орналасқан 135 май құю бекетінің дені «Гелиос», «ҚазМұнайГаз» және «Синойл» компанияларына тиесілі. Олар жанар-жағармайды күндізгі мезгілде еркін сатуда, тек түнгі уақытта ғана талон арқылы беріледі.
«Шымкент қаласынан облыс орталығына 1000 тонна вагонмен АИ-92 маркалы бензин жіберілді. Айдың аяғына дейін 7 000 тонна әкелу жоспарланып отыр. 13 қазандағы мәліметтерге сәйкес облыста АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы – 151,5 теңге, АИ-80 маркалы жанар-жағармайдың орташа бағасы - 89 теңге, дизель отынының орташа бағасы –147,5 теңгені құрап отыр», - деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Азамат Досжанов.
Облыста мұнай өнімдерінің қоры жеткілікті. АИ-92 маркалы бензиннің – 1646,1 тоннасы, АИ-80 – 104,6 тонна, дизель отыны – 1590,2 тоннасы бар.
16 қазан 2017 ж. 194 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (1445)

12 маусым 2018 ж.

№42 (1444)

09 маусым 2018 ж.

№41 (1443)

05 маусым 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 882 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам