Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ІСІ ЖҮЙЕЛЕНДІ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ІСІ ЖҮЙЕЛЕНДІ

Облыс бойынша жыл басынан бері жұмыс іздеуші ретінде тиісті орындарға 22543 адам хабарласқан. Оның ішінде 10767-і екі қолға бір кәсіп тапты. Сондай-ақ, биыл аймақ бойынша 9875 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған. Бүгінде бұл меже толықтай орындалды. Себебі, жыл басынан бері оның саны 10997 адамға жетті. Қазір оның 9587-і тұрақты болып табылады.
Бұл жөнінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұрат Ергешбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
– Біздің аймақта бүгінге дейін 91 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Онда 944 жұмыс беруші 4069 бос жұмыс орындарын ұсынды. Осыған орай жәрмеңкеге барлығы 6392 адам қатысып, нәтижесінде 5734-не еңбекпен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді. Облыста «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба үш бағыт бойынша жүргізіледі. Қазір оған қатысушы ретінде 23 мыңнан астам адам енгізілді. Олардың басым көпшілігін жастар құрайды, – деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, 2015 жылдан бастап, «Өрлеу» пилоттық жобасы Қызылорда қаласы мен Шиеліде, ал 2016 жылдан бері барлық аудандарда енгізілді. Бүгінде осыған байланысты отбасында 3616 адамы бар 613 отбасымен әлеуметтік келісім шарт жасалды. Бұл жұмыс өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артып отыр. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап, «Атаулы әлеуметтік көмек» енгізілмек.
Сондай-ақ, 2013 жылдан бастап, аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге облыс әкімінің гранты тағайындалды. Атап айтсақ, былтыр – 9, биыл – 107 студент оқуын аяқтады. Ал, 387-і білімдерін жалғастыруда. Ағымдағы жылы да дәстүрлі түрде бөлінетін облыс әкімінің грантына 165 студент ие болды.
Қазіргі кезде өңір бойынша 29 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларының орындалуына облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, 12 мыңға жуық жоба жүзеге асты. Сонымен қатар, аталған басқарма мемлекеттік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы 16 жобаны қолға алып отыр. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай жасау мақсатында қалада – 4, аудандарда – 14 «Инватакси» жұмыс істейді.

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.

16 қазан 2017 ж. 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 158 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам