Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫН СЫЙЛАДЫҢ СЕН МАҒАН

ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫН СЫЙЛАДЫҢ СЕН МАҒАН

   Қызылорда қаласындағы осы бір еңселі ғимаратты көргенде ерекше сезімге бөленесің. Алыстан менмұндалап тұрған «Ана мен бала орталығы» талай сәбидің жарық өмірге келуіне, нәзік жандылардың аналық мейірімнің шуағына бөленуіне дәнекер болып жүрген алтын ұяға айналып отыр. Қашанда ақ желеңді дәрігер қызметі қауырт. Ана мен бала денсаулығын қорғауда кірпік қақпастан қалтқысыз қызмет етуге әзір. Негізінде бұл қызметті өз деңгейінде атқаруға аналық мейірім, жылы жүрек, аялы алақан қажет екені даусыз. Орталықта қызмет жасайтын дәрігерлердің дені – нәзік жандылар екені содан болса керек-ті.   
Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз – ана. Бала дүниеге келгеннен бастап өзінің  жұмсақ алақанын тосады, ыстық құшағымен бауырына басады, жылы жүзімен жүрек шуағын төгеді, мейірімімен нұрға бөлейді.
Ана мен бала – егіз ұғым. Мемлекет тарапынан  да ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөлініп отыр. Осының негізінде 2014 жылы Сырдың  бас шахарында ана мен бала перинеталды орталығы ашылған еді. 350 төсек орынға арналған орталық – жүкті, босанған әйелдерге және дүниеге келген нәрестелерге көмек көрсететін мекеме. Мұнда 777 қызметкерлер еңбек етеді. Қазіргі уақытта өңірдегі ана мен бала өлімін азайтуға көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта қосымша бөлімдер ашылып, заманауи құрал-жабдықтар алынған. Бүгінде олар жоғары табыстарға қол жеткізіп отыр. Сонымен қатар, еліміздегі  ірі мекемелер қатарында жалпы экономикалық іскерлігі негізінде алдыңғы лептен көрінді.
–Ана өлімін болдырмау және сәби өлімін төмендету мақсатында дәрігерлерге жоғары талаптар қойылған. Осыған орай, шұғыл ота жасау бөлмесі жасақталды. Біз бір мезгілде екі адамның өмірін құтқарамыз. Сондықтан, жұмыстың қиындығы да артылған жауапкершілік те екі есе. Сол үшін біздің мамандарға қойылатын талап жоғары, – дейді бас дәрігер Гүлнар  Жұмашева. 
Көрсеткіштерге сүйенсек, көңіл демдерлік деректер көп. Мәселен, нәрестелер өлімі 2016 жылмен салыстырғанда 45 пайызға төмендеген. Сәбилердің шетінеуі азайған. Ал, ана өлімі бойынша 2016 жылы 1 жағдай тіркелсе, өткен жылы ондай дерек мүлдем кездескен жоқ . Бұл жетістіктердің барлығы осы орталықтағы білікті мамандардың еңбегі деп бағалаған жөн.
Ана мен бала орталығында генетикалық бөлімде жұмыс жасайды. Бөлімнің негізгі мақсаты – құрсақтағы нәрестенің денсаулығындағы ақауды анықтау.  Осы тексеріс арқылы өмірге қандай сәбидің келері де анықталады. Жатырдағы шарананың сыртқы өмірге бейімделу мүмкіндігі болмаса жүктілікті ана келісімі арқылы тоқтатуға тура келеді. Сонымен қатар, тіркеу бөлімі де қызмет атқарады. Облыстағы әрбір жүкті әйел осы жүйеге тіркеліп, ол жүктілік уақытында бақылауға алынады. Барлық сараптама осында жіберіліп, баланың да, ананың да денсаулығы жіті зерделенеді. Демек, бұл – бірде бір әйелдің қараусыз қалуына жол бермейді деген сөз.
Аймағымызда жылдан-жылға ана мен бала жағдайы жақсарып келеді. Өткен жылы орталықтағы дәрігерлер 10708 сәбиге жарық өмір сыйлаған. Елдің демографиялық ахуалін жақсарту үшін ана мен бала денсаулығының жақсы болуы маңызды. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері 25 жылда елімізде ана мен бала өлімі бірнеше есеге азайған. Бұл халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында қабылданған арнайы бағдарламалардың жемісі.  
                                                                                                                Айтолқын АЙТЖАНОВА.
13 наурыз 2018 ж. 683 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам