Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЛА СӘУЛЕТІНЕ САЙ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЛА СӘУЛЕТІНЕ САЙ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

 Қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Нұрлан Мақсұтовтың төрағалығымен сәулет-қала құрылысының кеңесі өтті.
Облыс орталығының сәулеттік келбетін көркейту, әлеуметтік нысандар санын көбейту, тұрғындарға демалуға арнайы көркейтілген орындарды ашу мақсатында игі істер жүзеге асырылуда. Ал, кеңес жеке және заңды тұлғалар тарапынан құрылыс нысандарын салуға байланысты түскен өтініштердің нобайлық жобаларын қарап, қорытынды шығаруда. Осы бағытта жыл басынан бері әртүрлі мақсаттағы жоспарланған құрылыстар бойынша 112 жоба қаралып, 97-сі мақұлданған. Ал, қалғандары тиісті стандарттарға сай келмеуіне байланысты кері қайтарылған. Аталмыш кеңестің кезекті отырысында 8 жоба ұсынылды. Оның бірі – қаладағы №198 орта мектептің оқу ғимаратын кеңейту, дәлірек айтсақ, бастауыш сынып блогы құрылысын салу жобасы. «Абзал Проект Консалтинг» ЖШС мердігерлігімен жүзеге асатын нысанда компьютерлік сынып, оқу бөлмелері мен асхана бар. Сондай-ақ, волейбол, баскетбол алаңдары да салынбақ. Жобалаушы Нұрлан Абзаловтың айтуынша, бұл 200 оқушы сыйымдылығына негізделмек. Кеңес мүшелері аталмыш мектептегі оқушылар санының ұлғаюына байланысты жобаны бір ауыздан мақұлдады. Тиісті заңды құжаттары рәсімделген соң, құрылыс жұмыстары басталмақ. Ал, қаладағы «Ә.Бөкейхан» көшесі бойындағы №52 мекенжайда кеңсе мен дүкен құрылысын жүргізу жұмысы бойынша ұсынылған жоба кеңес мүшелері тарапынан қолдау таппады. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, кеңес төрағасының орынбасары Жақсылық Ержанов аталмыш құрылыс нобайының белгіленген ережелерге сай келмеуіне байланысты кері қайтарды. – Бүгінгі кеңестің кезекті жиынында қаралған құжаттардың төртеуі ғана қабылданды. Биыл әкімдіктің жанынан құрылған сәулет-қала құрылысының кеңес құрамы ұлғайтылды. Олардың қатарына саланың білікті мамандары, экспертиза өкілдері мен кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері бар. Өз кезегінде бұл жобалар қала дамуына оң септігін тигізетін заманауи талаптарға сай түрлі әлеуметтік нысанардың бой көтеруіне ықпал етпек, – дейді кеңес төрағасының орынбасары.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
17 қазан 2017 ж. 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (1443)

05 маусым 2018 ж.

№40 (1442)

02 маусым 2018 ж.

№39 (1441)

29 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 873 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам