Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШИЕЛІ ТАМПОНАЖДЫ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ШИЕЛІ ТАМПОНАЖДЫ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

 Қазіргі таңда Қызылорда облысында индустрияландыру бағдарламасы бойынша 10-ға жуық жоба қолға алынған. Солардың бірі де бірегейі Қытай тарапы мен Қазақстан бірлесіп қолға алған Шиелі кенті маңындағы «Гежуба Шиелі цемент зауыты».
Өткен жылы сметалық жобасы дайындалған нысанның іргетасын қалауға облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким мен қос тараптың инвесторлары да қатысты. «Корпорация Данаке» ЖШС және «Gezhouba Group Cement Co. Ltd» мекемелерінің өкілдері аталған жобаның жалпы құны 64 млрд теңгені құрайтындығын жеткізді.
«Жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент өндіретін зауыттың құрылысын келер жылдың соңында аяқтау көзделуде. Өндіріс орны толықтай іске қосылған кезеңде мұнай-газ және уран өндірісіндегі кең қолданыстағы тампонажды цементпен елдегі сұранысты 100 пайызға қамтуға болады»- дейді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқарамсы басшысының орынбасары Ж. Еламанов.
«Гежуба Шиелі цемент зауыты» пайдалануға берілген кезде 260 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Сондай-ақ жергілікті азаматтардың үлесі 85 пайыздан жоғары болатыныдығына, яғни мамандардың басым бөлігі жергілікті азаматтардан болуы басты назарға алынатындығы айтылды.
18 қазан 2017 ж. 491 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 132 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам