Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 10 ТҮРІ БАР

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 10 ТҮРІ БАР

  Ветеринария саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет кезінде рәсімделетін құжаттар ветеринариялық қауіпсіздіктің алдын алудың бір жолы.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ветеринария басқармасының басшысы Е.Апетов мәлімдеді.
Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кәсіпкерлердің, шаруа қожалықтарының, жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдердің үнемі ветеринариялық бақылауда болуы халық денсаулығының және адам мен жануарларға ортақ аурулардың алдын алудың кепілі.
Ветеринария саласы бойынша мемлекеттік қызметтің 10 түрі бар. Оның ішінде «Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін беру» және «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетімен,
«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ҚР-ның ішінде және экспортқа қолданылатын ветеринариялық сертификат беру» және «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларымен және зерттеу зертханаларымен көрсетіледі. 6 түрі жергілікті атқарушы органның ветеринария қызметі бойынша көрсетіледі. Оның ішінде 2 түрі - «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» және «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» қалалық, аудандық ветеринария бөлімдерімен көрсетілсе, 2 түрі - «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» қала және аудандар аумағындағы ветеринариялық ұйымдармен көрсетіледі. Қалған 2 түрі - «Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» және «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметтер облыстық ветеринария басқармасымен көрсетіледі.
18 қазан 2017 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (1480)

16 қазан 2018 ж.

№77 (1479)

13 қазан 2018 ж.

№76 (1478)

09 қазан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 757 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам