Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТАЛАБЫ ҚАНДАЙ?

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТАЛАБЫ ҚАНДАЙ?

   Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалиннің қатысуымен брифинг өткізілді.
Республикалық және жергілікті ақпарат құралдары қатысқан брифингте Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің заманауи ахуалы таразыланды. Соңғы жылдары бұл салада біршама өзгерістер бар. Мемлекеттік қызметшілер үшін сынамалы тәртіпте еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу, қызметтерді электронды үлгіге ауыстыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтау мәселелерін қамтыды.
Сондай-ақ, ол мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру, оларды электронды үлгіге ауыстыру туралы әңгімеледі. Қазіргі уақытта тізілімдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 447-сі «Электронды үкімет порталы» арқылы қолжетімді болып отыр. Бұл уақытты үнемдеуге және қызметті кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, агенттік өкілі бұған дейін Қызылорда қаласы, Жалағаш және Сырдария аудандарының тұрғындарымен, оның ішінде мемлекеттік қызметшілері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және студенттермен кездесу өткізген еді.
                                                                                                                        Биболат Сәтжан.
27 наурыз 2018 ж. 1 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (1641)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 033 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам