Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ ТУРАЛЫ ФИЛЬМГЕ КАСТИНГ ЖАРИЯЛАНДЫ

ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ ТУРАЛЫ ФИЛЬМГЕ КАСТИНГ ЖАРИЯЛАНДЫ

   Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Жеңімпаз» атты толықметражды көркем фильм түсірмекші. Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды ҚазАқпарат.

Картина Кеңес одағының классикалық күресшісі, әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1980), Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Жақсылық Үшкемпіровтың өмірі туралы баяндайды. Фильмнің режиссерлері – Бақыт Қайырбеков пен Алексей Каменский.
«Қазақфильм» киностудиясы аталған жобаға басты және эпизодтағы рөлдердегі актерлер кастингін жариялайды. Талап бойынша, аталмыш картинаға 5-7 жас аралығындағы ұл балалар (жүзе біліп, атқа міне алуы қажет), 9-15 жас аралығындағы қыз балалар, 15-29 жас аралығындағы арықтау келген жас спортшылар (күресе білуі қажет), 30 дан 60 жасқа дейінгі спортшы ер адамдар (күресе білу қажет), 18-22 жас аралығындағы студент қыздар мен 20 дан 60 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер керек.
«Кастингке қазақ тілін меңгерген барлық ұлт өкілдерін шақырамыз. Барлық үміткерлер өздері туралы анкеталық ақпаратты (аты-жөні, жасы, бойы, салмағы, кинодағы тәжірибесі, байланыс телефондары) толтырып, сондай-ақ, фотоға түсіп (тұла бойы, ірі планда анфас және ірі планда профиль) e-mail: mergen_kasting_kz@mail.ru электронды поштасына жіберулері қажет», – делінген хабарламада.Түсірілім тобының талаптарына сәйкес келген үміткермен кастинг-директор  өзі хабарласып, актерлік сынаққа шақырады.
28 наурыз 2018 ж. 1 022 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 129 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам