Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БІРЫҢҒАЙ ТІЗІЛІМІ» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БІРЫҢҒАЙ ТІЗІЛІМІ» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

  Жаңақорған аудандық прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасымен бірлесіп «Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі» жобасын таныстырды.
Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне электронды нысандағы хаттамаларды рәсімдеудің нұсқаулығын көрсетті. Бүгінгі күннен бастап аудандық жергілікті полиция қызметінің экипажы облыста алғашқы болып әкімшілік хаттамаларды электронды нұсқада толтыруды бастады. Жобаның мақсаты мен міндеті түсіндіріліп, жұмысқа қатысты ұсыныстар беріліп, пилоттық жобаны қолдану барысында орын алатын өзекті мәселелер талқыланды. Жобаға қатысқан қызметкерлерге электронды хаттамаларды толтыру үшін Жаңақорған ауданының прокуроры Н.Дүйсенбаевтың бастамасымен және аудан әкімдігінің ықпалымен алынған жаңа планшеттер мен принтер жиынтығы берілді. Жүйенің артықшылығы – әкімшілік өндірістің 30 минуттан 5 минутқа дейін қысқартылуы. Енді азаматтар түбіртекті мемлекеттік органға алып барудың қажеті болмайды, себебі, мәлімет автоматты түрде дерекқорға енгізіледі. Құқық бұзушы туралы жеке деректерді алу үшін оның ЖСН енгізу қажет, содан кейін барлық мәліметті жүйе өзі ұсынады. Аталған жоба «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өту қажет.
18 қазан 2017 ж. 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (1445)

12 маусым 2018 ж.

№42 (1444)

09 маусым 2018 ж.

№41 (1443)

05 маусым 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 882 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам