Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕРТЕҢ АСТАНАДА «ҚАЗАҚСТАН АРУЫ» АНЫҚТАЛАДЫ

ЕРТЕҢ АСТАНАДА «ҚАЗАҚСТАН АРУЫ» АНЫҚТАЛАДЫ

    ҚазАқпарат - «Қазақстан аруы» байқауында бақ сынау үшін Астанаға еліміздің түкпір-түкпірінен 30 бойжеткен жиналды. Олардың бейнетаныстырылымдары ұйымдастырушының YouTube-каналында жүктелген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Бұған дейін байқау үміткерлерінің ресми фотосессиялары ұйымдастырылған болатын. Фотосессияны әлемдік сән журналдарының мұқабасына суреттері шығып жүрген fashion саласының маманы Марета Келигова өткізді. Биыл байқау барысында қыздардың табиғи сұлулығына басымдық берілмек. Естеріңізге сала кетейік, финалда Қазақстанның әр қаласынан келген 20 жеңімпаздан бөлек, Инстаграм-кастингпен сұрыпталған 10 сұлу қосымша қатысады. Ақпанның басында ұйымдастырылған кастингке еліміздің 17-25 жас аралығындағы кез келген азаматшасы қатыса алды. Отбасылық жағдайларына байланысты байқауға «Теміртау аруы», «Қызылорда аруы» келе алмады, оқу жағдайына байланысты «Петропавл аруы» байқаудан бас тартты. Олардың орнын қаланың бірінші вице-арулары алмастырды. 22 наурыздан бастап «Қазақстан аруы - 2018» ресми сайтында байқау финалистеріне дауыс беру басталған еді. Байқаудың ақтық кезеңі 31 наурыз күні Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында өтеді. 

30 наурыз 2018 ж. 1 002 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 129 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам