Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АМАН ТӨЛЕЕВ ОТСТАВКАҒА КЕТТІ

АМАН ТӨЛЕЕВ ОТСТАВКАҒА КЕТТІ

   Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев РФ президенті Владимир Путинге өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш тапсырды, деп хабарлады ТАСС ақпарат агенттігі.
А. Төлеев Кемероводағы қайғылы оқиғадан соң ең дұрыс шешім осы екенін мәлімдеген. «Бұл өзім үшін дұрыс, сарапқа салынған, ең әділ шешім деп есептеймін, өйткені мұндай ауыр жүкпен губернатор болып отыру керек емес, моральдық тұрғыдан мүмкін емес», – деді ол.
«Кемеровода 25 наурызда болған жантүршігерлік қайғылы оқиғаға қабырғамыз қайысып отыр. Біз 64 адамнан айырылдық, олардың көпшілігі – балалар, біздің балаларымыз. Әрқайсымыз осынау ауыр қайғыны жүрегімізден өткіздік», – дейді Аман Төлеев. Сонымен қатар ол қолынан келгеннің бәрін істегенін айтты.
«Мен қолымнан келгеннің бәрін істедім, көмек көрсету мәселелерін шешуге тырыстым. Зор қайғыға тағы бір рет ортақтастық білдіремін», – деді губернатор.
«Құдай алдындағы адалдығымды айтайын, мен өз қызметімде әрқашан елдің, Ресейдің мүддесін, облыстың мүддесін ойладым. Баршаңызға үнемі, қуанышымда да, қайғымда да бірге болғандықтарыңыз үшін тағы бір рет рахмет. Тағзымымды қабыл алғайсыздар», – деді Аман Төлеев.
 73 жастағы Аман Төлеевтің ұлты қазақ. Кемерово облысын 1997 жылдан бері басқарып келеді.
01 сәуір 2018 ж. 1 026 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (1641)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 023 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам