Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АРАЛДА БАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ КӨБЕЙДІ

АРАЛДА БАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ КӨБЕЙДІ

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асқан САРАТС-1 жобасы тартылған Аралдың табанына су толтырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық, экологиялық ахуалын жақсартты. Арал теңізін сақтап қалуға арналған ғасыр жобасының нәтижелері мен аудандағы ілкімді істер жайлы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өтіп жатқан брифингте кеңінен айтылды.
«Бақыт» ЖШС директоры Аманбай Ерхатовтың мәлімдеуінше, бүгінде Арал теңізінен жылына 8 мың тоннаға дейін балық ауланып, жергілікті балық зауыттарында өңделеді. Дайын өнім Ресей, Грузия, Дания, Польша, Әзірбайжан елдеріне экспортталуда.
– Елбасының қолдауымен қолға алынған «САРАТС-1» жобасы бойынша Көкарал бөгеті салынып, Кіші Арал теңізі сақталды. Теңізді бөгеген теңдесіз жобаның әлемде баламасы жоқ. Осы құрылыс арқылы теңіз жағалауы Арал қаласына 18 шақырымға жақындады. Соның нәтижесінде судың деңгейі көтеріліп, тұздылығы бірнеше есеге төмендеді. Теңіздегі балықтың түрі 2-ден 23-ке көбейді. Кезінде теңіз тартылғанда Аралдан көшіп кеткен балықшылар қайта елге оралып, ата кәсібін жалғастыруда. Бүгінгі таңда, өңірдің балық шаруашылығы саласында 3 мыңнан астам адам жұмыс жасайды. Бұл ірі саланың біріне айналып отыр, - деді Аманбай Ерхатов.
Кәсіпкер ресейлік әріптестерімен бірлесіп Ульяновск облысында балық өңдеу зауытын салды. Нәтижесінде Арал теңізінен ауланып, өңделген балық Мәскеу мен Санкт-Петербургтің ірі сауда орындарында сатылуда.
18 қазан 2017 ж. 467 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 622 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам