Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА "АБАЙ ОҚУЛАРЫ" БАЙҚАУЫ ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА "АБАЙ ОҚУЛАРЫ" БАЙҚАУЫ ӨТТІ

    Қазақ халқының біртуар перзенті, ұлт мақтанышына айналған Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне деген жастардың ықылас-ынтасын арттыру, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, Қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру мақсатында Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Сырдария аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті. 
Байқауға 17-29 жас аралығындағы талапкерлер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Әділ қазылар алқасының шешімімен Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйінің атынан қатысқан Гүлзат Аманкелдиева бас жүлде иеленді. Шіркейлі ауылының намысын қорғаған Нұрай Әбдірашит жүлделі І орын иеленсе, С.Сейфуллин ауылдық клубынан қатысқан Елдос Жаппасбаев ІІ орын еншіледі. Сонымен бірге, А.Тоқмағанбетов ауылдық клубының атынан сынға түскен Әсел Сансызбаева жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. 
Байқау жеңімпаздарына Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.
                                                                       Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
04 сәуір 2018 ж. 1 156 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 978 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам