Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДӘУЛЕТТІҢ ДҮРКІН-ДҮРКІН ЖЕҢІСТЕРІ

ДӘУЛЕТТІҢ ДҮРКІН-ДҮРКІН ЖЕҢІСТЕРІ

   Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Дәулет Ниязбеков еркін күрестен алтын жүлде иеленіп, еліміздің абыройын асқақтатты. Бұл – жарыстағы осы күрес түрінен еліміздің қоржынына түскен алғашқы медаль.
65 келі салмақта белдескен Дәулет Ниязбеков жарыс барысында төрт кездесу өткізіп, Солтүстік Корей палуанын 7:4, қырғыз бен өзбекті 6:3, 10:0 ұпаймен, ал, жапон  спортшысын 11:0 есебімен жеңіп, мықтылығын тағы бір мәрте мойындатты. 
Көк туды желбіреткен балуан осымен үшінші  мәрте Азия чемпионы атанып отыр. Ол 2015 жылы Дохада, 2016 жылы Бангкокта өткен Азия чемпионатында алтын медаль  иеленген еді.
Жаңақорған ауданының тумасы Дәулет – еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ересектер арасында еліміздің 6 дүркін чемпионы, Азия чемпионатының 3 рет қола жүлдегері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Лондон Олимпиадасының қатысушысы.
Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын балуанды ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбутәліп Аманов баптап келеді.
06 наурыз 2018 ж. 828 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (1605)

18 қаңтар 2020 ж.

№3 (1604)

14 қаңтар 2020 ж.

№2 (1603)

11 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 069 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам