Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАРҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАДАМЫ

ҚАРҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАДАМЫ

     Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыр өңіріне келген сапарында аймақтағы шырайлы істерді көріп облыс орталығы Қызылорда қаласында да тың жобалар мен жаңа бастамаларға жол ашылды. Елбасының жоғары бағасы Сыр халқына қайрат пен шабыт қосып, өңірдің алға қарай өрлеуіне жол аша түскендей.
Бүгінде Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік» бастамасынан туындайтын тапсырмалар мен міндеттері аймағымызда өз деңгейінде жүзеге асырылуда.
Соңғы жылдарда  облыс басшылығының қолдауымен Қызылорда қаласында іргелі де ауқымды істер атқарылды. Мәселен, өткен жылы қалада әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелер кезең-кезеңімен өз шешімін тауып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда біршама жұмыстар тындырылды. Қашанда ел болашағы мен халықтың баянды, берекелі тіршілік кешуіне ыңғайлы жағдай жасау үшін, алдымен әлеуметтік және экономикалық жағдайын қалыптастыру қажеттігін жақсы білетін өңір басшысы оңтайлы істерге ұйытқы болды. Бұл қолдау біздің қаланың өсу, өркендеу тұрақтылығын қалыптастырды.
Бүгінде шаһардың инженерлік, коммуналдық инфрақұрылымын дамыту мен жол сапасын жақсартуда кешенді шаралар қабылданып, қала құрылыс алаңына айналды. Көп қабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар салынды. Әрбір салада жұмыстар нақты әрі нәтижелі түрде жүзеге асырылып, экономикасы дами түсуде. Осындай тиянақты жұмыстың арқасында соңғы бес жылдың ішінде шаһардың кіріс көзі 1,7 есеге артқан.
Соңғы жылдар ішінде Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысы  ерекше қарқын алып, халықты баспанамен қамту көрсеткіші еселене түскен. Бұл жыл сайын қала экономикасының өсе түскендігін аңғартса керек. Шаһардың жылдам дамып келе жатқанын көзбен көріп жүрміз. Бес жыл ішінде қаламызда жаңадан 12 шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан астам адам жаңа пәтерге қол жеткізген. Өткен жылдың өзінде 2971 пәтерлік 61 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілген.
Қала құрылысының қарқынын одан әрі дамыта түсу үшін сырттан келетін инвестиция көлемін барынша арттыру қолға алынған. Соның нәтижесінде өткен жылы тұрғын үй құрылысын дамытуға тартылған инвестиция көлемі 33 млрд. 142 млн. теңгеге жеткен. Осындай жүргізілген нақты істің барысында облыс бойынша атқарылған құрылыс жұмысының 43,8 пайызы Қызылорда қаласының еншісіне тиеді. Ауқымды істерді жүзеге асырудың нәтижесінде 20 мыңға жуық адам еңбекпен қамтылған. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, тұрмыс сапасын арттыруды айқындайтын басты өлшемнің бірі – баспана. Үстіміздегі жылғы Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» осыны меңзейді. Онда елімізде құрылыс индустриясын дамытуға басымдық беру негізделген. Елбасының жаңа «7 –20 – 25» бағдарламасы болашақта әрбір отбасын баспанамен қамтамасыз етуді көздеген. Бұл аймағымызда бұрынғыдан да тұрғын үй құрылысын өрістете түсуге жаңа серпін береді. Қолжетімді баспана қашанда әрбір отбасының арманы, тұрмыстық қажеттілігі екені белгілі. Сондықтан бұл бағытта Қызылорда қаласында тұрғын үй бағдарламасын жетілдіріліп, арттыра түсуде қажетті іс-шаралар жасалуда.
  Өткен жыл қызылордалықтар үшін есте қаларлықтай болды. Өйткені,  қаланың бас жоспарына сәйкес Сырдария өзенінің сол жағалауынан жаңа қаланың құрылысы бастау алды. Сондықтан өткен жыл біздер үшін осынысымен ерекшелене түседі. Сол жағалауда бұл күнде бірнеше нысандар мен көпқабатты үйлердің құрылысы бой көтеріп, жаңа құрылыс алаңдарының жұмыстары жандана түскен. Бұл жергілікті халық үшін зор қуаныш. Сырдың Бас шаһарында жасалып жатқан ел игілігі жолындағы тірліктерге көрген адамның көңіл марқая түсері анық. Бұл баянды өмір жолында атқарылып жатқан шынайы тірліктің көрінісі болса керек.
                                                                               Кенжалы ЕРІМБЕТОВ
10 сәуір 2018 ж. 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1453)

10 шілде 2018 ж.

№50 (1452)

06 шілде 2018 ж.

№49 (1451)

03 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 114 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам