Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖҰЛДЫЗДАР НЕ ОҚИДЫ?

ЖҰЛДЫЗДАР НЕ ОҚИДЫ?

     Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жастарды кітап оқуға шақыру және олардың оқу мәдениеті мен талғамын қалыптастыруға бағытталған «Жастар таңдайды» - «Молодежь предпочитает» атты жоба аясында «Жұлдыздар не оқиды?» атты танымал жастармен кездесу ұйымдастырылды. 
Кездесуге Республикалық конкурстардың жеңімпазы,танымал әнші Мұхтар Ханзада, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық-драма театрының актеры, тележүргізуші, театр өнерінің хас шебері, Яхуда Халықұлы атындағы ауыспалы жүлденің иегері Қанат Арқабаев, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық-драма театрының актеры, «Үкілі үміт» номинациясының иегері, киноактері Санат Жүзбай, С.Майқанова атындағы театрдың режиссеры, көңілді тапқырла алаңының жеңімпазы, жайдарманшы Құттыбай Сағындықов, Қызылорда облыстық филармония әншісі, Сыр елінің жұлдызы Бекзат Молдабергенов қатысты. 
Шақырылған қонақтар өнер жолындағы қызықты әңгімелерін айтып, кітаптың өз өмірлеріндегі алатын орны туралы ой бөлісті. Шара барысында елімізге танымал «Алдараспан» театрының директоры Нұржан Төлендиев, актерлар Нұржан Ізтаев, Шакен Амантұров, Нұртай Сүлейменов және әнші-сазгер Еркін Нұржановпен «Жұлдыздар не оқиды?» деген сауал төңірегінде жүргізілген әңгіме-сұхбаттың видео-ролигі көрсетілді. Кездесудің соңында кітапхана оқырмандары жұлдыздардың өнерін тамашалап, қолтаңбаларын алды, естелік суретке түсті.
16 сәуір 2018 ж. 24 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (1432)

21 сәуір 2018 ж.

№29 (1431)

17 сәуір 2018 ж.

№28 (1430)

14 сәуір 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 634 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам