Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАҺАДҮР БАБАЛАРҒА БАС ИЕДІ

БАҺАДҮР БАБАЛАРҒА БАС ИЕДІ

    Қаладағы мәдени-демалыс паркіне келушілерді хас батырлардың зәулім ескерткіші қарсы алады. Айбынды, алып кеуделі тұлғалардың бейнесі Сыр өңірінен шыққан бүкіл батырлардың образын бір арнаға тоғыстырып тұрғандай. Тас мүсіндегі батырлардың жүзінен жауын жеңген, арманына қол жеткізген қаһарманның ризалық кейпі айқын аңғарылады. Құдды бір, дүниенің төрт бұрышына биіктен көз тастаған ержүрек бабаларымыз дамудың даңғыл жолына түскен азат елінің бүгініне шүкірлік айтып тұрғандай әсерде боласың. Ат үстінде жүрер ер-азаматтың бес сайманы түгел көрініс тапқан мәдени нысанда жүзін жерге салмай, еңсесін көкке көтерген бейнелері бізді елжандылыққа баулып тұр. Олардың бірінде жебелі садақ, бірінде қалқан, енді бірі бейбітшілік құсын алақанына қондырған.            
             Бұл – ел бостандығы үшiн қан төккен қаһармандар рухына арналып, қала орталығынан бой көтерген «Сыр бойының батырлары» ескерткіші. 2006 жылы орнатылған ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры гранитпен қапталған. Ал, еңселі мәдени нысанның биіктігі 5,5 метр, салмағы 5 тоннаны құрайды. Тарихи-мәдени мұраларының алдын-ала тізіміне енген қазына – елімізге танымал суретші-архитекторлар Амангелді Кененбаев пен Жәркен Смағұловтың бірлескен жобасы.                                                                                   – Ел қорғаған батырлардың рухына ескерткіш орнату идеясы  2003 жылдары пайда болған еді. Сол кездегі облыс әкімнің бастамасымен Сырда дүниеге келіп, Отан үшін жанпида болған азаматтардың құрметіне осындай қастерлі дүниені салу ісі қолға алынды. Алғашында  орнату үшін басқа жер таңдалған. Кейін жұртшылықтың көп жиналып, батыр бабалар рухын жиі еске алып жүрсін деген ниетпен қалалық парк алдына орнатуды құп көрдік. Жобаға қажетті материалдар Ресей мемлекетінен арнайы әкелінді. Бас-аяғы екі жылдай уақыт ішінде аталмыш ескерткішті дайындап шығардық. Бірінші нұсқа бойынша батырлардың төбесіне шаңырақ орнатуды ұсынғанбыз. Кейін ел қорғау жолында жұдырықтай жұмылып, төрт бұрыштан берік қамалдай түйістірілген найзаны бейнелеуді жөн деп шештік, – дейді мүсінші Амангелді Кененбаев бізбен әңгімесінде.                                            
   Тәуелсiздiк үшiн күрескен бабалар осылайша ұрпағына ұлағат дарытып келеді. Егемен еліміздің желбiреген көк байрағы жасампаз жаңа iстерге жiгерлендiре түсуде. Ел бостандығы үшiн қан төккен баһадүрлерге арналып қала орталығынан бой көтерген алып монумент қазіргі таңда жастардың бабалар ерлiгiне тағзым ететiн қасиетті орынға айналды. Осындай берері мол дүниелерді мемлекет қорғауына алып, оның мәдени-рухани бағасын айшықтандыра түсу мақсатында 18 сәуір – халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні деп белгіленді.                                                                 
     Отыз жылдан астам тарихы бар әлемдік деңгейдегі атаулы күн біздің елімізде де назардан тыс қалған емес. Себебі, ескерткіштер – тек өнер туындысы ғана емес, ол бүгінгі ұрпақтың тарихи санасын қа­лып­тастыруға қызмет ететін, патриоттық сезімге тәрбиелейтін рухани құралдың қайнар бастауы.
                                                                     Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
17 сәуір 2018 ж. 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 610 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам