Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТЕҢІЗ ТОЛҚЫНЫ ТЕРБЕТКЕН ПЕРЗЕНТ

ТЕҢІЗ ТОЛҚЫНЫ ТЕРБЕТКЕН ПЕРЗЕНТ

      А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде танымал публицист, жазушы-эколог Сайлаубай Жұбатырұлының 70 жасқа толуына орай әдеби кеш өткізілді. Бұл шараны Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырды
Шара барысында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мира Қазбекова қаламгерді мерейтойымен құттықтап, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтау хатын табыстады. Сондай-ақ, Жазушылар одағының облыстық филиалының директоры Қаршыға Есімсейітова және ақын Толыбай Абылаев өз лебіздерін білдірді.
Сайлаубай Жұбатыров тұңғыш рет 1967 жылы «Білім және еңбек» журналында «Аралды қайтсек сақтаймыз?» деген проблемалық мақаласымен, «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған «Боз айғыр» әңгімесімен көрінді.
«Әдебиет» атты ғажайып өріске ат қойған алғашқы қадамынан-ақ «Жалын» баспасы бәйгесінің жүлдегері атанған жазушы сол деңгейдегі жоғары межеден түскен емес. «Алыстағы аралдар», «Жасыл сағым» кітаптары мен «Абыржы» трилогиясы, көптеген киносценарийлері арқылы оқырман қауымға етене таныс қаламгер төмен болмауға, қарадүрсін, құнарсыз сөйлемеуге тырысты. Ол Арал проблемасын әлемдік ауқымда мәселе етіп көтеруде еңбегі ерен қайраткер.
                                                                                       Биболат Сәтжан
17 сәуір 2018 ж. 262 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 610 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам