Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 400-ГЕ ЖУЫҚ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ПОДЪЕЗІНЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ОРНАТЫЛДЫ

400-ГЕ ЖУЫҚ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ПОДЪЕЗІНЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ОРНАТЫЛДЫ

   Бұған дейін Алматы, Ақтөбе, Астана қалаларында пилоттық жоба ретінде іске асқан жоба «Бұлтты бейнебақылау қызметі» жобасы былтырдан бастап біздің өңірде де қолға алынды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов мәлімдеді.
Бейнебақылаудың тиімділігі - ұрыларға тосқауыл болады, түн мезгілінде көлік ұрлаушылардың жолын кеседі, сондай-ақ, бейберекет үй ауласын ластап кететіндермен күреседі.
Облыстық "Қазақтелеком" АҚ-ның Белсенді сату орталығының бөлімінің басшысы Жанар Көзбаеваның айтуынша, биылғы жылдың 1 сәуіріне дейін 393 көпқабатты үйдің подъездеріне бейнебақылау орнатылды. 224 абонент қызметке қосылды. Қараша айына дейін 200 подъездге бұлтты бейнебақылау қойылады дейді.
Айта кету керек, бейнекамералар Астана, Мерей, Сырдария, Ипподром мөлтек ауданында және Бейбарыс көшесіндегі үйлерге орнатылды. Жылдың аяғына дейін 600-ге жуық подъезд бұлтты бейнебақылау қызметімен қамтамасыз етіледі. Ал, қызметтің құны әр абоненттен 300 теңге деп белгіленген.
18 сәуір 2018 ж. 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 618 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам