Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

  Азаматтық қорғау гарнизоны қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды, жолда жүру ережелерін бұзу фактілерінің алдын алу, салауаттық өмір салтын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Жаңақорған ауданының №10 өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында жиналыс өткізілді.
Жиналысқа «Нұр Отан» ХДП Жаңақорған аудандық филиалы төрағасы М.Балқожаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті Оңтүстік аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының басшысы Р.Тілепов, Жаңақорған аудандық «Құмсаhаба» мешітінің бас имамы Е.Сейітжаппаров, «Аудандық емхананың» психологі Ж.Ысқақов, Облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» Жаңақорған ауданы бойынша теолог маманы Ш.Айдаров қатыстырылды.
Жиналыс барысында азаматтық қорғау органы қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен нашақорлық және оның зардаптары, діни көзқарас мәселесі кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бөлім қызметкерлеріне «Салауатты өмір салты», «Салауатты өмір салтына – «иә» деп жауап бер», «Есірткі профилактикасы» тақырыбында жадынамалар таратылды.
20 қазан 2017 ж. 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 205 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам