Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЙМАҚ БЮДЖЕТІНІҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА БАҒЫТТАЛҒАН

АЙМАҚ БЮДЖЕТІНІҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА БАҒЫТТАЛҒАН

  Қызылорда облысы әлеуметтік салаға қаржы бөлу жөнінен республикада алдыңғы қатарда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді.
Қаржының 137,6 млрд. теңгесі әлеуметтік салаға бағытталды. Мәселен, білім беру саласына - 89,5 млрд.тг., денсаулық сақтауға - 24,9 млрд.тг., әлеуметтік салаға - 23,2 млрд.тг. бөлінді. Ал қаражаттың игерілуі 9 айдың қорытындысымен 98,8 пайызды құрады. Жыл аяғына дейін толықтай игеріледі деп күтілуде.
«Облыста мұнай өндіру көлемі жыл сайын төмендеуде. Мұнай өндіру көлемі 691 мың тоннаға азайды, жыл соңына дейін ол 840 мың тоннаға дейін кемиді деп болжануда. Алайда, облыс әкімінің ел экономикасын әртараптандыру бастамасы облыстың дамуына айтарлықтай серпіліс беруде. Дегенмен, өңір экономикасының макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсу тенденциясы артты. Осы жылдың 9 айында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 547,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де өсу байқалады. Тамақ өнімдері, химия өнеркәсібі және мұнай өңдеу өнімдерін өндірудің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 6,2 пайызға артты», - деді облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Досмайылұлы. 
Баспасөз конференциясында өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға төмендегені айтылды. Биыл 10 997 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 9 587 тұрақты жұмыс орындары.
Жалақының уақытылы төленуі де бақылауда. Осы кезеңге дейін 79 кәсіпорын мен мекемелердің 1805 жұмысшысына 225,0 млн. теңге жалақы қарызы өндіріліп берілді.
23 қазан 2017 ж. 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (1480)

16 қазан 2018 ж.

№77 (1479)

13 қазан 2018 ж.

№76 (1478)

09 қазан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 757 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам