Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШИЕЛІДЕ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ 200-НАН АСТАМ АЗАМАТҚА  ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

ШИЕЛІДЕ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ 200-НАН АСТАМ АЗАМАТҚА  ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ


Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиалының директоры Рысбай Нысанханов аудан кәсіпкерлері алдындағы есепті кездесуінде айтты
.
Филиал директорының айтуынша, осы жылдың 9 айында ауданда Кәсіпкерлерді қолдау орталығымен Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамалары бар тұрғындарды кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпараттандыру, мемлекеттік бағдарламалар туралы, жеңілдетілген несиелер және қаржы институттарымен жұмыс жасау алғышарттарын түсіндіру бойынша 907 адамға кеңес берілген.
Сервистік қолдау бойынша 180 кәсіпкер «Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуге, сондай ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты» атты қызмет түрін алған.
Рысбай Нысанханов хабарламасында халықты жаппай кәсіпкерлік негіздеріне оқыту шараларына да аудан тұрғындарының белсенді қатысып жатқандығын жеткізді.
Тұрғындарды бизнестің негіздеріне оқытып-үйрету шаралары «Бизнестің жол картасы-2020» және «Нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» бағдарламары шеңберінде «Бизнес-кеңесші», «Іскерлік қатынастар» және «Бастау Бизнес» жобалары бойынша жүзеге асырылуда.
«Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша ауданда 9 ай ішінде 141 адам оқытылған.
Мұнымен қатар, шиелілік кәсіпкерлер «Іскерлік қатынастар» компоненті бойынша белсенділік танытып, қатысуға 11 өтініш түскен. Нәтижесінде «Ақсерен бала бақша яслиі» ЖШС директоры Н.Абубакирова мен «Ақсауле» жеке кәсіпкерлігі басшысының орынбасары Г.Абдулхамит Алматы қаласында өткен кәсіпкерлікті дамыту бағытында 2 апталық оқу курсына қатысып, біліктілігін жетілдірген.
Ал «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты бойынша осы жылы Шиелі ауданында 202 адамды «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған.
Бүгінгі күнге дейін 4 топта 135 азамат оқытылып, сертификаттарын алды. Қазір бесінші топта 49 адам оқытылуда.
02 қазан 2017 ж. 1 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 441 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам