Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БІЗДІҢ ТІЛЕГІМІЗ – БЕЙБІТШІЛІК

БІЗДІҢ ТІЛЕГІМІЗ – БЕЙБІТШІЛІК

    Жеңіс мерекесіне орай облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерімен жүздесті. Жүздесу барысында  соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Семей полигоны мен Чернобыль АЭС ядролық сынақтарына қатысқан  42 азаматқа құрмет көрсетілді.
Облыс әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін жеткізді.
– Соғыс жылдары майданға 70 мыңнан астам қызылордалық аттанса, бүгінгі күні 37 ардагер арамызда жүр. Ұлы Отан соғысының қаһармандары арасында көптеген жерлестеріміздің болғанына мақтанамыз. Өскелең ұрпақ жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ауызбіршілігі мен ерлігі, ерекше табандылығы мен Отанға деген ыстық сезімінің арқасында қол жеткізгенін жақсы біледі, – деді аймақ басшысы.
Қазіргі таңда өңірде 37 Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектері, 5726 тыл еңбеккері бар. Айтулы мереке қарсаңында оларға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мәселен, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне,  жауды жеңуде жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін ордендер және медальдармен наградталған адамдар және  соғыс уақытында  кемінде алты ай қызмет еткен кісілерге материалдық сыйақы тағайындалған. Сондай-ақ, майдангерлердің тегін демалыс орындарына баруына, емдету, жыл бойына коммуналдық қызмет шығындарын өтеу бағытында қолдау көрсетіліп келеді. Сонымен қатар, 1 мамыр күнінен бастап жыл аяғына дейін қазақстандық ардагерлер «Жеңіс» қайырымдылық жобасы аясында ТМД елдері бойынша саяхаттай алады.
Мерекелік көңіл-күйді сезінген ардагерлер мен тыл еңбеккерлері естеліктерімен бөлісіп, ізгі тілектерін жеткізді. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.  
                                                                                                                      А.АЙТЖАНОВА
10 мамыр 2018 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (1437)

15 мамыр 2018 ж.

№34 (1436)

11 мамыр 2018 ж.

№33 (1435)

06 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 804 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам