Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДА САМБОШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 10 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

ҚЫЗЫЛОРДА САМБОШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 10 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

    Ұлан-Батор қаласында  (Моңғолия) самбодан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өткен Азия чемпионатында Қызылорда облысының құрамасы 10 медаль (5 алтын, 5 күміс) иеленді. Сыр елінен 10 спортшы барып, барлығы да жүлделі орындарға ие болды.
Әйелдер арасында 72 келі салмақта өнер көрсеткен №1 олимпиадалық резерв мектебінен Динара Қодарова, ересектер арасында жоғары спорт шеберлігі мектебінен 74 келіде Ғалымжан Абдрахманов Азия чемпионы атанып, еліміздің Әнұранын шырқатты.
Жасөспірімдер арасында қармақшылықтар Дәулет Тұрғанов (48 келі) пен жастар арасында Диана Тлеумұратова (52 келі) және Ж.Баһадүр атындағы облыста спортта дарында балаларға арналған мектеп-интернат оқушысы Абылайхан Жұбаназар (74 келі) жеңіске жетті.
Жасөспірімдер арасында сынға түскен  №1 олимпиадалық резерв мектебінің спортшылары Бибіхан Нәбиева (48 келі), Аида Файзолла (70 келі) және жалағаштық  Арайлым Оразбаева (75 келі), жастар арасында қармақшылық  Дамир Әбдеков (62 келі) пен Ж.Баһадүр атындағы облыста спортта дарында балаларға арналған мектеп-интернат оқушысы Жанерке Қуанышова (80 келі) күміс жүлделерді иеленді.
Енді спортшылар үстіміздегі жылдың қазан айында Тбилиси қаласында  болатын (Грузия) жасөспірімдер мен жастар арасындағы, қараша айында ересектер құрамасы Бухарест қаласында (Румыния) өтетін Әлем чемпионаттарына қатысады.

14 мамыр 2018 ж. 621 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 465 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам