Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНДА КҮН САЙЫН 150 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛЕДІ

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНДА КҮН САЙЫН 150 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛЕДІ

     Бұл туралы ҚМБД-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Абуов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
- Биыл айдың кеш тууына байланысты ораза 16-мамырдан 17-не өзгертілді. Яғни, Шағбан айы 30 күнге созылып, Рамазан айы 29 күнге қысқарды. Алдағы оразаның барлық күнінде Орталық мешітте 150 адамға арналған ауызашар дастарханы жайылатын болады. Сонымен қатар, аудан, қала мешіттерінде уағыздар үздіксіз жүргізіледі. Республикалық деңгейдегі ғалымдарды шақырып, жамағатпен кездестіру жоспарда бар,- деді Болатбек Ұласқанұлы.
Қайырымдылық шараларын барлық мешіт ай сайын өткізіп келеді. Рамазан айында бұл дәстүрдің 2-3 есеге артатынын айтты. Сондай-ақ, 1 мамыр балалар күнінде 100 отбасын бір айлық азық-түлікпен қамтамасыз ететін болады. Орталық мешіт алдында балаларға тегін батут жұмыс жасап, тәттілер таратылады.
Сонымен қатар, бірер күнде мешіттің жаңа үлгідегі сайт парақшасы мен мобильді қосымшасы ашылады. Бастаманың тағы бірі, " Құран жаттау" орталығы ашылып, онда жергілікті екі қари дәріс беретін болады. Сондай-ақ, діни кітапхана ашу жоспарлануда. Рамазан айындағы игі істің бірі, «Ақмешіт-Сырдария» Орталық мешітіне Түркия елінен білім алып келген екі қари келіп, Рамазан айында мешіт жамағатына Құран қатым үйретеді.
Еске сала кетейік, Рамазан айының алғашқы тарауих намазы 16 мамырда оқылады. Сондай-ақ, елімізде пітір-садақа жан басына шаққанда 300 теңгені құрайды. Ал, қасиетті Қадыр түні маусым айының 11-нен 12-не қараған түні болады. Айт намазы 15 маусым сағат 07.00-де басталады.
16 мамыр 2018 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 216 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам