Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «АБАЙ- КЕМЕЛ ОЙДЫҢ КЕМЕҢГЕРІ»

«АБАЙ- КЕМЕЛ ОЙДЫҢ КЕМЕҢГЕРІ»

   Абай есімі-қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы. Осы ұлттық құндылығымызды ұлықтау мақсатында  қалалық  №6, 4 кітапханалардың ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбаев шығармашылығынан  дәстүрлі  «Абай- кемел ойдың кемеңгері» атты әдеби оқу өткізіліп  қала орталығындағы ақын атындағы аллея  ән мен жырға бөленді. 
  Шараны жас оқырмандары ақынның өмірбаянын  үш тілде  оқумен ашса,  «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының  орынбасары  Е.А Байтілес  адамның  өмір сүру заңдылығының тура жолын  жазып кеткен  ұлы ақынның    мұраларының мәңгілік екендігін  айтып, жастарды ұлыларымыздың ұлағатты өсиеттерін өмірлік бойтұмардай қастерлеуге шақырды. № 235, №253, №12 мектеп оқушылары Абай өлеңдерін, қара сөздерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыса,№43 мектеп оқушылары  «Он жетінші» қара сөзінен  қойылым көрсетті. Шарада «Таным» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Жолдасова,  қалалық ардагерлер кеңесінің  төрағасы  С.Әбішев, №235 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі О.Құрманбаевтар  сөз сөйлеп  Абай –халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ақынның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту баршамыздың парызымыз екендігін айтты.  Қорқыт ата атындағы университет  студенті  Р.Әлиакбар  «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін  әуелете шырқап,  жыршыл қауымды риза етті.
 Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» деп атап өткен болатын. Қазақтың  ұлы ақынының  шығармаларын насихаттау мақсатындағы шаралар  жыл бойына  жалғасын табады деген сеніммен  әдеби оқу қорытындыланды.
                                          
Сәуле  Асқарова,                       
Қалалық кітапханалар жүйесінің әдіскері      

16 мамыр 2018 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (1437)

15 мамыр 2018 ж.

№34 (1436)

11 мамыр 2018 ж.

№33 (1435)

06 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 804 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам