Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

 Жуырда ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 10,25 пайыз деңгейде сақтауға шешім шығарды. Соған сәйкес банктерге өтімділік беру мөлшерлемесі 11,25 пайыз, өтімділікті алу 9,25 пайызға жетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалы директорының орынбасары Наталья Шек мәлімдеді.
Сондай-ақ, қыркүйек айында жылдық инфляция 7,1 пайыз болды. Ал, бұл көрсеткіш аймақта 7,2 пайызды құрады. Мамандардың айтуынша, оның сақталуына азық-түлікке жатпайтын тауар бағасының өсуі ықпал еткен. Өткен айда бұл бағыттағы тұтыну бағасының индексі елімізде 101,3 пайыз, облыста 100,7 пайыз болған. Ал, ішкі валюта бағамы құбылмалы күйде. Соңғы айдағы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы – 334,11 теңгеге жетті. Қаңтар айынан бері бұл көрсеткіш – 333,29 теңге деңгейінде сақталған. Бұған шетел валютасына деген сұраныстың өсуі әсер етуде.
Қазіргі таңда, зейнетақы қорының бағамдық айырмадан түскен табысын бекіту үшін қолайлы жағдай туындағанын айтқан мамандар, оның шетел валютасындағы үлесі қордағы барлық активтердің 30 пайызын құрайтынын атап өтті. Сондай-ақ, еліміздің қор биржасындағы зейнетақы қорының шетелдік валютасының бір бөлігі сатылуы мүмкін деген болжам барын айтады. Бұл қор салымшылары үшін алынған табысты бекітуге мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 61,5 млрд. теңге болса, шетел валютасындағы депозиттер 22,8 пайызға азайған.
Үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап тазартылған алтын құймаларды сату мен сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаны белгілі. Бұл ретте бағдарламаға еліміздегі беделді банктер қатысқан. Қазіргі кезге дейін Ұлттық банктен 10 грамдық – 502, 20-лық – 270, 50-лік – 165, 100-дік – 220 дана құйма сатылымға шыққан. Алтын құймаларды сату көрсеткіші бойынша Алматы қаласы басымдыққа ие.

А.СЕЙІЛ.

24 қазан 2017 ж. 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (1445)

12 маусым 2018 ж.

№42 (1444)

09 маусым 2018 ж.

№41 (1443)

05 маусым 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 882 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам