Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОҚУШЫЛАР ДЕМАЛЫСЫ ТИІМДІ ӨТКІЗІЛУІ ТИІС

ОҚУШЫЛАР ДЕМАЛЫСЫ ТИІМДІ ӨТКІЗІЛУІ ТИІС

    Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат отырысы өткізілді. Оған қаладағы тиісті сала басшылары, ауыл және кент әкімдері қатысты.

Мәжіліс барысында алдымен қала басшысы кадрлық өзгерістермен таныстырды. Онда, қала әкімінің өкімімен Берік Сәрменбаев қала әкімінің орынбасары қызметіне, Алмасбек Есмаханов қала әкімі аппаратының басшысы қызметіне  тағайындалғанын жеткізді.

Келесі кезекте оқушылардың алдағы жазғы демалыстарын тиімді пайдалану мәселесі қозғалды. Бұл жөнінде қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов кеңінен баяндады. Оның айтуынша, қаладағы 1-10 сынып аралығындағы  52835 оқушының 48777-ін жазғы кезеңде демалыспен қамту көзделген.  Осының нәтижесінде олардың 92,3 пайызы сол игілікті істің пайдасын көреді.  Биылғы жылы 54 мектепте күндізгі тынығу лагері жұмыс жасайды. Оның ішінде 11 мектеп жанында толық күндізгі жатын орын, 43 оқу ошағында бір мезгілді күндізгі лагерь қызмет етеді. Онда барлығы 4780 бала қамтылады. Сондай-ақ, «Сырдария» тынығу лагерінде жазғы 7 ауысымда 1050, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан 499 бала демалуға мүмкіндік бар.

Жазғы демалысты тиімді өткізуде олқылықтар орын алмауы қажет. Аталмыш мәселеге орай қала басшысы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді
– Мектеп оқушыларының «Көкшетау», «Тау самалы» лагерьлеріне баруына мүмкіндік жасау қажет. Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналармен тығыз байланыс болуы керек. Сонымен қатар, облыс орталығындағы аттракциондар мен батуттар тексеріліп, қатаң бақылауда болсын, – деді Н.Нәлібаев.
Екінші мәселе бойынша Ақжарма ауылдық округінің әкімі Жұмабек Әлиев «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылғанын тілге тиек етті. Мәселен, бұл бойынша ауыл тұрғындарынан 7 жоба ұсынылған. Оның ішінде қазіргі таңда 25 млн теңгеге 6 жоба қолдау тауып отыр.  Сондай-ақ, «Сыбаға», «Құлан» бағдарламасы бойынша 3 ауыл тұрғыны несие алуға өтініш білдірген. Ауылдық округте жұмыссыздық деңгейі 2,5 пайызды құрайды.
Мәжіліс барысында қала әкімі әлі де кемшіліктер кездесіп отырғанын айтып өтті. Алдағы уақытта тиісті мекеме басшыларымен бірлесе жұмыс жасау  қажет.
–  Ауыл экономикасында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіші артқан. Алайда, атқарылар ауқымды іс көп. Елді мекендер кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамту, экономиканы арттыру бойынша әлі де жүйелі тірліктерді қолға алу қажет, – деді қала басшысы.
Мәжіліс соңында қала  әкімі барлық сала басшылары мен ауыл-кент әкімдеріне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарауға баса назар аудару қажеттігіне тоқталды. Әрбір іс сапалы атқарылып, нақты нәтижеге қол жеткізілуі тиіс.
                                                                 Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
21 мамыр 2018 ж. 587 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам