Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАМАҚТАН УЛАНУЫНА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАМАҚТАН УЛАНУЫНА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

   Жаңақорған ауданына қарасты Келінтөбе ауылында мектеп оқушыларының асханада улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті. 
«Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Басқа ақпараттар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», - делінген баспасөз хабарламасында. Сондай-ақ ауруханадан мәлім еткендей, балалардан алдына ала қойылған сальмонеллез диагнозы алынып тасталды. 
«Тексеру барысында мектеп асханасы қызметкерінен стафилококк белгілері анықталды. Лабораториялық зерттеу бойынша стафилококктың табылуына байланысты сальмонеллез диагнозы алынды», - деді Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова. Келінтөбе ауылындағы №192 орта мектептің 25 оқушысы тамақтан уланғаны жөнінде бұған дейін хабарлаған едік. Тамақты ішкен балалар 2-3 сағаттан соң Келінтөбе ауылдық дәрігерлік амбулаторияға жүгінген. Оларға алғашқы көмек көрсетілді. Орталық аудандық ауруханаға 4 бала жеткізілді. Сол сәттегі балалардың жағдайы орташа деңгейде болған, лоқсып, іштері өткен. 
«Бүгінгі таңда, 21 баланың жағдайы қанағаттанарлық, олар үйлерінде медициналық бақылауда. Ауру ошағы болған жерде зерттеу жүргізілуде, азық-түліктер тексерілуде, қоршаған ортадан бактериологиялық қалдықтар, асханадан бактериологиялық жұғынды алынуда», - деген болатын облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова. 
25 мамыр 2018 ж. 1 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 987 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам