Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕРЕКШЕ ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ

ЕРЕКШЕ ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ

    Балықтар
Айналаңызда болып жатқан оқиғаға салқын қандылық танытып, сабыр сақтаңыз. Жаңа іс бастамай тұрып, алға қойған мақсатыңызды саралап алыңыз. Бәріне бірден қол жеткіземін деп барыңыздан айырылып қалудан сақ болыңыз.

Суқұйғыш
Бүгін болашағыңызға жоспар құрып алыңыз. Беделіңіз өсуі мүмкін. Достарыңыздың ақыл-кеңесіне құлақ асыңыз. Жалғыздықта қалып, ойлануыңызға болады. Ең бастысы уақытында шешім қабылдаңыз.

Тауешкі

Бүгін жеке өміріңізге ерекше назар аудару қажет болады. Абайсыздан жақын адамыңыздың көңілін қалдырып қоюыңыз да ықтимал. Сондықтан ашуыңызды жүгендеуге тура келетін болады. Жалпы бұл күн өзіңіздің ішкі жан дүниеңіздегі өзгерістерге құлақ салатын уақыт.

Мерген
Бүгін құлағыңызды жағымды жаңалықтарға түре жүріңіз, өйткені олар көп болады. Ұзақ уақыт бойы мазалаған шаруаларыңыз оң шешіліп, жақсы көңіл-күй сыйлайтын болады.

Сарышаян
Бүгін көбірек демалуға тырысыңыз. Қыруар шаруа жасаймын деп, сәтсіздікке ұшырап қалмаңыз. Бүгін ішінде жұлдыздар сізге белсенді болмауды жорып отыр. Асықпай-аптықпай жасаған ісіңіздің жемісін жейтін боласыз. Іскерлік жағдайыңыз немесе оқуыңыз біраз тыныштыққа кенелетін болады.

Таразы
Көңілді дос жарандардың ортасында көңілді кештерді өткізетін уақыт туды. Бірақ жаздай асыр салған шегіртке іспетті болып қалмаңыздар. Қажетті сәтте өз өзіңізді тоқтата білу қажет. Бұл қуаныштар да таразылардың қалтасын қағып қалуы әбден ықтимал.

Бикеш
Жақын достарыңыздың сатқындығын сезгендей болуыңыз да әбден мүмкін, дегенмен барлығына сабырлық танытыңыз. Өмір ақ, қара жолақтардан тұратынын ұмытпаңыз.

Арыстан
Сізден жақындарыңыз үлкен жауапкершілікті күтетін болады. Ең бастысы бүгін сізге жағымды жаңалықтармен қатар жағымсызын да тарту етуі мүмкін. Қандай болған жағдайда да өз өзіңізге деген сеніміңізді жоғалтпаңыз.

Шаян
Салғырттыққа бой алдырмаңыз. Сәл ғана демалысыңыздың өзінде де үлкен жұмыс туындауына алып келеді. Сондықтан аса белсенді болып, кішкентай іске де баса назар аударғаныңыз жөн. Бұл күн сізге қиындау түскенімен, кейін жемісін де өзіңіз көретін боласыз.

Егіздер
Бүгінгі күннің ырысы жетіп артылады. Тек барлығына көңіл бөліп үлгерсеңіз болғаны. Бастаған барлық ісіңізде жетістікке жетесіз, ол қызметте болсын, жеке өміріңізде болсын. Шығармашылық жолда жүрген егіздердің өмірі жаңа шабытқа толы болады

Торпақ
Жақындарыңыздан көңіліңіз қалатын сәттер болуы мүмкін. Мойымаңыз, бар кеткен қателіктеріңізді түсініп, дұрыс шешім қабылдай білген жөн. Қатты шаршап жүргендіктен, өмірге деген көзқарасыңыз өзгерген.

Тоқты
Достарыңыздың арасында бірқалыпты болғанымен, отбасыңызда түсініспеушілік орын алуы ықтимал. Жақындарыңыздың жаман жағын емес, жақсылығын көре білгеніңіз өзіңізге де жеңілдік алып келеді.

                    Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасынан 
29 мамыр 2018 ж. 498 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (1480)

16 қазан 2018 ж.

№77 (1479)

13 қазан 2018 ж.

№76 (1478)

09 қазан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 741 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам