Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МЕНИНГОКОКТЫ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

МЕНИНГОКОКТЫ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

   Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында менингококты инфекцияның алғашқы жағдайы тіркелді. 1991 жылы туылған ер азамат 31 мамырда аудандық ауруханаға жатқызылды. Аталған жағдайға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан штаб құрылып, жұмысын бастады.
Қазіргі таңда облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы жəне қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары Жаңақорған ауданында жұмыс жүргізуде. Ошақтағы эпидемияға қарсы жəне алдын алу шаралары ұйымдастырылуда. Науқаспен қарым-қатынаста болған 11 азамат анықталып, бақылауға алынды. Аудандық аурухана қызметкерлері тарапынан үй аралау арқылы аталған сырқатқа күдіктілерді анықтау жəне ақпараттандыру шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының арнайы бұйрығымен менингококты инфекцияның алдын алу жəне ерте анықтау шаралары облыс көлемінде ұйымдастырылуда.
Менингококты инфекция сырқат адамнан ауа жəне тамшы арқылы таралады. Сондықтан, жеке бас гигиенасын сақтау, халық көп шоғырланған ортадан сақтану, бетперде қолдану өте маңызды. Сақтанудың тиімді жолдарының бірі-вакцинация. Алдағы уақытта егу жұмыстары ұйымдастырылады.

                                  Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі


01 маусым 2018 ж. 903 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 473 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам