Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

   Байқаудың бас жүлдесі мен республикалық кезеңге жолдаманы Сырдария ауданының тұрғындары Бәйменовтер отбасына жеңіп алды.
«Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауының аймақтық кезеңіне 361 отбасы қатысты. Естеріңізге сала кетейік, байқау Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Шараға қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев байқау қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтады.
«Отбасы құндылығы қай кезеңде де, қай мемлекетте де саясаттың ең маңызды бөлігі болған. Бала туу көрсеткіші бойынша Сыр өңірі республикада алдыңғы қатарда тұр – аймағымыз 4 орында. Облысымыздағы  44 мыңнан астам көпбалалы ананың 27 мыңдайы батыр ана. «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен» алтын құрсақты аналарымыздың 14 мыңға жуығы «Алтын алқа»,13 мыңдайы «Күміс алқа» иегері», - деп атап өтті аймақ басшысы.
Бүгін байқаудың аймақтық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Атап айтқанда, байқаудың бас жүлдесі мен республикалық кезеңге жолдама Сырдария ауданының тұрғындары Бәйменовтер отбасына табыстады. Бірінші орынды шиелілік Ишанқұловтар отбасы жеңіп алса, екінші орын жалағаштық Тоқсановтар, ал үшінші орын – Қарауылтөбе ауылының тұрғындары Досмахановтар әулетіне бұйырды.
Одан бөлек, келесі номинациялар бойынша:
 «Жарасымды жанұя» - Назаровтар отбасы,  Қызылорда қаласы;
«Үлгілі отбасы» - Байдәулетовтер отбасы, Қызылорда қаласы;
 «Тату отбасы» - Жаманқараевтар отбасы,  Арал ауданы;
 «Ізгілікті шаңырақ» - Жанаділовтердің отбасы, Қармақшы ауданы.
«Өнерлі отбасы» - Есімсейтовтер отбасы, Шиелі ауданы;
«Мәуелі бәйтерек» - Айтбаевтар отбасы Шиелі ауданы;
«Ұлағатты отбасы» - Көмекбаевтар отбасы,  Қызылөзек ауылдық округі, Айнакөл ауылы;
«Өнегелі отбасы» - Әбілқасымовтар отбасы; Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылы.  
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
Бас жүлде иегерлері ағымдағы жылы қыркүйек айында Астана қаласында өтеті
10 маусым 2018 ж. 749 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (1545)

18 маусым 2019 ж.

№45 (1544)

15 маусым 2019 ж.

№44 (1543)

11 маусым 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 812 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам