Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨҢДЕУ СЕКТОРЫНДА ӨСУ БАЙҚАЛУДА

ӨҢДЕУ СЕКТОРЫНДА ӨСУ БАЙҚАЛУДА

  Биыл шағын және орта бизнес нысандарының саны 49 мыңнан асып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 3,8 пайызға өскен. Оның ішінде тұрақты жұмыс жасап тұрған кәсіп нысандарының өсу тенденциясы 6,4 пайызды құрап отыр. Жалпы, ағымдағы жылы кәсіпкерлік саласын субсидиялау үшін барлығы 107 жоба мақұлданған. Ал, қаржыландырылғандар саны 63 жобаға ұлғайып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндалды. Оған облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқарма басшысының орынбасары Азамат Досжанов пен облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жанар Берденова қатысты. Сала мамандары өңірдің аталмыш саласындағы даму қарқынын баяндап, жыл сайын қаржыландыру көлемі де артып келе жатқандығын жеткізді. Олардың айтуынша, мемлекеттік гранттар беру аясында жалпы құны 110 млн. теңгені құрайтын 114 жоба өңірлік үйлестіру кеңесімен мақұлданған. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде «Бизнес-кеңесші» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстары жүргізілуде. Биылдың өзінде аталмыш бағдарлама бойынша 1000-нан аса адам оқуға тартылған. Ал, микрокредиттер игілігін өңірдегі 430-ға таяу кәсіпкер көруде. Сондай-ақ, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында қызметтік нысандар санын ұлғайту шаралары да қолға алынуда. Бүгінде онда құрылыс жұмыстарын жүргізуге 41 нүкте анықталған. Қазірдің өзінде оның 16-сы іске қосылып, жаңа жұмыс көзінің ашылуына ықпал етіп отыр. Олардың қатарында май құю бекеттері, дүкендер, қонақ үйлер мен асхана орындары бар. Соңғы жылдары аймақтың индустриалдық-инновациялық дамуы ерекше қарқынға ие болып келеді. Өңдеу секторында тұрақты өсу тенденциясы байқалып, өнім көлемі артуда. Облыс экономикасын әртараптандыру шаралары индустриалды бағдарламасының аясында жалғасып, сол арқылы 20 жоба жүзеге асырылды. Қазіргі таңда оның 16-сы толық өндірістік қуаттылыққа ие болған. Мәселен, биыл Арал ауданында өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 2 жобаның іске қосылуы көзделген. Оның ішінде «Жаңа Арал» ЖШС қаптама кірпіш өндірісі тамыз айында пайдалануға берілді. Ал, жыл соңына дейін «Арал құрылысы» ЖШС асфальт-бетон зауытының құрылысын қолға алуды жоспарлауда. Сондай-ақ, алдағы жылы шыны зауыты, үш оксидті молибден өндірісі мен қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін фабрика өз өнімін ұсынбақ.Қазақстан-Қытай бірлескен жобалар қатарында қазіргі таңда тампонажды цемент шығаратын, кальцийленген сода мен томат пастасын өндіретін зауыттар бар. «Шалқия», «Баласауысқандық» кеніштерін игеру шаралары қарқынды жүруде. Ал, аймақ экономикасының қозғаушы күші – инвесторларды тарту мәселесі де шешілді. Мәселен, биылдың өзінде облысқа 11 елдің делегациясы келіп, нәтижесінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Осы бағытта алдағы қараша айында кезекті Байқоңыр IX инвестициялық форумы өтеді деп күтілуде.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
Суретті түсірген: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.


30 қазан 2017 ж. 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 622 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам