Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ХАЛЫҚ САНЫ 18,2 МИЛЛИОННАН АСТЫ

ХАЛЫҚ САНЫ 18,2 МИЛЛИОННАН АСТЫ

   2018 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, Қазақстанда халық саны 18 млн 232 адамды құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 238,5  мың адамға немесе 1,3 процентке көп, -  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, оның ішінде қала тұрғындарының саны 10 млн 492,2 мың адамды немесе жалпы халықтың 57,5 процентін құраса, ауылдық жерде тұратын адамдар саны 7 млн 739,8 мың адамға жетті. Бұл, ел халқының 42,5 проценті.
Биыл қаңтар-сәуір аралығында республикада 1 жасқа дейінгі 1095 сәби шетінеген (былтыр - 1054). Бұл, былтырғыдан 3,9 процентке көп. 2018 жылдың төрт айында сәбилердің шетінеуі жаңа туған 1000 нәрестеге (8,68) шаққанда 8,81 жағдайды құрап отыр.
2018 жылдың қаңтар-сәуірінде 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 25,1 процентке азайып, Қазақстаннан кеткен адамдар саны 20,8 процентке артқан. Негізгі миграциялық алмасу ТМД елдерімен болып отыр. ТМД елдеріне келгендер мен кеткендердің саны сәйкесінше 77,3 және 88,8 процентті құрайды.
Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 24,9 процентке азайды. Өңіраралық көшіп-қонудың оң сальдосы елдің төрт өңіріне - Алматы (12 013 адам) және Астана (3699 адам), Маңғыстау (48 адам) және Ақмола (39 адам) облыстарына тиесілі.
 
14 маусым 2018 ж. 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (1445)

12 маусым 2018 ж.

№42 (1444)

09 маусым 2018 ж.

№41 (1443)

05 маусым 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 891 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам