Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 2019 ЖЫЛЫ ҒАРЫШҚА БИЛЕТТЕР САТЫЛА БАСТАЙДЫ

2019 ЖЫЛЫ ҒАРЫШҚА БИЛЕТТЕР САТЫЛА БАСТАЙДЫ

   SpaceX-тан кейін, тағы бір америкалық компания барлық ұшқысы келетіндер үшін ғарышқа сапарды бастауға дайын екенін жариялады, деп жазады Spacenews. 
Blue Origin жеке аэроғарыш компаниясының аға вице-президенті Роб Мейерсон таяуда ғарышқа апаратын суборбиталық саяхат билеттері 2019 жылы сатылымға түсетінін мәлімдеді. «Алдағы уақытта ғарышқа алғашқы сынақ ретінде жолаушылармен бірге ұша бастаймыз. Ал, билеттер 2019 жылы сатылымға шығады», - деп уәде етті Мейерсон.
 Қазіргі таңда компанияның ғарышқа жасаған барлық сапары жолаушыларсыз жүргізілген, бірақ Blue Оrigin бұдан бұрын сынақ ұшырылымдарға оның қызметкерлері қатысатынын мәлім еткен болатын. Мейерсон ғарышқа ұшу билетінің бағасын айтқан жоқ. 2015 жылы компания New Shepard суборбиталық кемесін сегіз рет ұшырған. Соңғы ұшырылым 29 сәуірде өтті. Келесі ұшырылымның қашан болатыны әзірге белгісіз. Компаниядағы дереккөз оның жазда болатынын ғана растады. Blue Origin компаниясының негізін америкалық миллиардер, 2000 жылы әлемдегі ең дәулетті адам атанған Джефф Безос қалаған.

28 маусым 2018 ж. 448 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

№68 (1567)

03 қыркүйек 2019 ж.

№67 (1566)

30 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 702 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам