Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТАРИФТЕР ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕТІЛДІ

ТАРИФТЕР ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕТІЛДІ

Ауыз су тарифін қоспағанда биылғы жылы коммуналдық қызмет бағасы 2016 жылдағы деңгейінде қалды. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті табиғи монополия субъектілерінің қызметіне тұрақты бақылау жүргізіп келеді.
Егер субъект тарифтік сметаны орындамаған жағдайда, қаражаты тұтынушыларға қайтарылады. Өткен жылы тарифтік сметалардың орындалуына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 5 табиғи монополия субъектілеріне 6 уақытша өтемдік тарифтер енгізу арқылы тұтынушыларға 305,4 млн.теңге қайтарылған.
Сондай-ақ, сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызмет құнын қайта есептеу нәтижелері бойынша жылумен жабдықтаушы мекемелерге 2017-2018 жылдардағы жылу беру кезеңіне қайта есептеу жүргізіп, тұрғындарға шамамен 53,0 млн. теңгедей қаржы қайтарылады.
Департамент басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Өтегенованың айтуынша, суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру қызметтері қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 1,7 пайызға көбейген. Тарифтердің өзгеруінің негізгі себебі «Қызылорда жылуэлектр орталығы» мекемесі өндіретін электр энергиясы бағасының 9,4 теңгеден 11,13 теңгеге өсуі болып отыр.
Электр энергиясын беру қызметі бойынша «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 1 кВт.сағатқа 4,896 теңгеден 4,945 теңгеге өзгертілген.
– Айта кету керек, өтінімдер қаралып, ұсынылған тарифтер деңгейі төмендетілді. Нәтижесінде, 587,8 млн. теңгедей қаржы тұтынушылардың қалтасында қалды, – деді департамент басшысының міндетін атқарушы Г.Өтегенова.
Биболат Сағындықұлы
02 шілде 2018 ж. 1 068 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (1641)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 032 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам