Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

 Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 9 айда көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов баспасөз мәслихатын берді.
Сонымен қатар, оған облыстық денсаулық сақтау, білім басқармасының басшылары Ақмарал Әлназарова, Бақытжан Сайлыбаев, мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Мира Әбуова және өзге басқарма жетекшілері қатысты.
Баспасөз мәслихатын Руслан Рүстемов алдымен білім саласынан бастады.
– Мемлекет басшысының ұрпақ болашағы үшін білім саласының алдына қойған міндеттері – 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен толықтай қамту, үш ауысымдық білім беруді болдырмау, апатты күйдегі оқу орындарының орнына жаңа мектептер құрылысын салу. Осы жөніндегі негізгі үш тапсырма Қызылорда облысында мерзімінен бұрын толықтай орындалды. 2013 жылдың басында олардың саны 37 болатын. Орта білім беру саласында ішкі резервтердің есебінен апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі биыл толығымен шешілді, – деді ол.
Бүгінде балабақшалардың 71 пайызы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде қызмет етеді. Соңғы 4 жылда олардың саны екі есеге артты. Облыста дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші – ол жастар арасында тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту екені белгілі. Биыл дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 26,5 пайызға өсті. Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушыларды 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Ол үшін спорт нысандарын көбейтуіміз керек, – деді Р.Рүстемов баспасөз мәслихатында.
Биыл «Денсаулық» бағдарламасын орындау аясында медициналық ұйымдарды медициналық техникамен қамтамасыз ету көрсеткіші 73,4 пайызға дейін өсті. Соңғы 2 жылда осы салаға қатысты ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, ауысымына 250 келушіге арналған Жалағаш, Қармақшы, Сырдария, Шиелі аудандық орталық ауруханалар ғимараттары, 200 аудандық облыстық балалар ауруханасы және 30 дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік акушерлік бекеттер қолдануға берілді. Оған қоса Арал аудандық ауруханасының құрылысы басталды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңбері аясында 400 келушіге арналған №2 қалалық емхана, 4 дәрігерлік амбулатория осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.
– Аймақтың тарихи-мәдени нысандардың бірі – Қорқыт ата кешені халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің нысандар тізбесіне еніп, Сыр өңірін әлемге танытқаны белгілі. Аталмыш көрме аясында Астана қаласында Қызылорда облысының мәдениет күндері өткізілді. Қызылорда облысының күндері аясында ұйымдастырылған мерекелік шараларға Елбасы қатысып, «Сыр шежіресі» атты қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалады, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Жалпы, Сыр өңірінің мәдениетін одан әрі жандандыру үшін биыл 6 нысанға жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын басым бағыттардың бірі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында азаматтардың ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Электронды архив», «Электронды кітапхана», «Виртуальды музей» ақпараттық жүйелері енгізілді.
Биыл 10-11 қараша күндері «Қызылорда: Білім. Болашақ. Жаңғыру» тақырыбында дәстүрлі облыс жастарының форумын өткізу жоспарлануда. «Қазақстанның рухани құндылықтары» және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобалары аясында ежелгі Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары сәтті жүргізіліп, Қазақстанның киелі жерлерінің картасына республикалық маңызы бар 12 ескерткіш енгізілді. Баспасөз мәслихаты соңында басқарма басшылары БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.



31 қазан 2017 ж. 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (1480)

16 қазан 2018 ж.

№77 (1479)

13 қазан 2018 ж.

№76 (1478)

09 қазан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 757 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам